Ақ Алматы технологи



бет24/34
Дата20.11.2023
өлшемі209,48 Kb.
#124951
түріКонспект
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34
Байланысты:
Д ріс леумет-саясаттану 21-22

Азаматтық қоғам – жеке адамдардың сұранымдары мен мүдделерінің жарыққа шығып, қалыптасуына және олардың жүзеге асуына жағдай туғызатын мемлекеттен тәуелсіз, дербес қоғамдық институттар жүйесі.
Азаматтық қоғамның басты қозғаушы күші, субъектісі өзіне тән сұранымдары мен мүдделері бар адам болып табылады. Демек, адам мұнда шешуші басты тұлға. Оның мақсат – мүддесі мен талап – сұранымдарының қанағаттандырылу деңгейі азаматтық қоғамның өлшемі (критерийі) болып табылады. Адам арқылы ғана түрлі қоғамдық қатынастар азаматтық қоғамға келіп тоғысады.
Тарихи тұрғыдан алғанда азаматтық қоғам – мемлекеттен әлде қайда бұрын пайда болады. Ол алғашқы қауымдық құрылыс кезінде адамдардың түрлі қарапайым бірлестіктері ретінде қалыптасады. Белгілі кезеңде азаматтық қоғам өз мүдделерін қорғау қажетіне байланысты мемлекетті дүниеге әкеледі, оған әл – қуат беріп қанаттандырады, билік тұтқасын ұстатады, оның құқықтық нормалар орнықтырып, заңдар қабылдап, өзіне қызмет істеуіне мүмкіндіктер туғызады. Алайда уақыт озған сайын мемлекет күшейе түседі, оның ықпалы мен пәрмені артады, бірте – бірте азаматтық қоғамның аумағын бүріп, тынысын тарылта түседі. Сөйтіп, өзі тудырған, өзі дүниеге әкелген мемлекет енді азаматтық қоғамды қысымға алады, ығыстыра бастайды. әрине, азаматтық қоғам да мемлекетке қарсы айбын көрсетеді, түрлі қоғамдық қозғалыстар, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қысым жасайды. Қысқасы азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы қатынас қайшылыққа толы диалектикалық байланыспен сипатталады.
Демократиялық қоғамда азаматтық қоғам мен мемлекет бірін – бірі қуаттайды, бірін – бірі қажет етеді, үнемі келісімде болады. Ал тоталитарлық қоғамда мемлекет азаматтық қоғамды жұтып қояды, өмірдің барлық саласы қатаң мемлекет бақылауында болып, азаматтық қоғам нышандары жанышталып қалады.
Азаматтық қоғамның өмір сүруінің негізгі шарттары:

  • Оның мүшелері нақты меншік иесі болуы керек. Басқаша айтқанда, меншік азаматтық қоғамдағы әрбір адамның бостандығының түр негізі болып табылады.

  • Қоғамда көп түрлі әлеуметтік құрылымның және соған сәйкес сан түрлі мүдделердің бой көрсетуі.

Адамдардың әлеуметтік белсенділік дәрежесінің жоғарылығы.
Енді азаматтық қоғамның құрылымы қандай деген мәселеге келейік.

  • Экономика саласында оған мемлекеттік емес кәсіпорындар мен шаруашылық бірлестіктері жатады (кооперативтер, акционерлік қоғамдар, корпорациялар, ассоциациялар, жеке меншік кәсіпорындар, ұжымдық шаруашылықтар, т.б.).

  • әлеуметтік салада отбасы, мешіт (шіркеу), қоғамдық ұйымдар, қозғалыстар, қорлар, тәуелсіз басылымдар, өзін - өзі басқару органдары, шығармашылық, кәсіптік, т.б. одақтар кіреді. Аталдған құрылымдарға ықпал жасау азаматық қоғам мен мемлекет арасындағы қайшылықтың мәні болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет