Ақ Алматы технологи



бет28/34
Дата20.11.2023
өлшемі209,48 Kb.
#124951
түріКонспект
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   34
Байланысты:
Д ріс леумет-саясаттану 21-22

Дәріс 11. Саяси мәдениет.
Саяси мәдениет құбылысы саяси зерттеу обьектiсi ретiнде ертеден-ақ танымал. Ең алғаш рет «саяси мәдениет» ұғымын қолданған, ғылыми әдебиетке енгiзген немiстiң ағартушы-философы Иоганн Гердер (1744-1803ж.ж.) болып табылады. Бiрақ, бұдан саяси мәдениет туралы оған дейін ешқандай ой-пiкiрлер болмаған деген түсiнiк қалыптаспауы тиiс. Атап айтсақ, антикалық ойшылдар Платон «Мемлекет», «Заңдар», Аристотель «Саясат» деген еңбектерiнде, кейiнiрек Н. Макиавелли, Ф. Бэкон, Ш. Монтескье т.б. ойшылдар бұл мәселеге көңiл бөлген. Олар тәрбиеленген дәстүрі, әлеуметтiк, саяси тәжiрибесі әртүрлі адамдардың бiрдей жағдайда сезiнуі, жауап қайтаруы, әрекеті әртүрлі болатындығын байқаған. Оның себебiн бiлгiлерi келген, оған жауап iздеген.
Саяси мәдениет тұжырымдамасын белгiлеп, оның негiзгi пiкiрлерiн жасауға М. Вебер, Э. Дюргейм, Т. Парсонс сияқты батыстың iрi ғалымдары да үлкен үлес қосты. Бiрақ, саясаттану ғылымының ұғымдық жүйесiне «саяси мәдениет» ұғымын американ ғалымдары Г. Алмонд пен С. Верба 20 ғасырдың 60-шы жылдары енгiздi. Бұл кезеңде саяси мәдениеттi зерттеуге деген қызығушылықтың артуы үшiншi әлем елдерiнде, әсiресе Африкада пайда болған тәуелсiз елдердегi (отарлық езгi құлауынан) саяси тәжiрибе ерекшелiктерiне байланысты болды.
Г. Алмонд саяси жүйенi зерттей отырып, оны талдауды екi деңгейге бөлдi: 1) институционалдық, институттарды, олардың қызметтерiн, мемлекеттiк саясат қалыптасуы механизмi мен нормаларын сипаттаушы 2) бағдарлық,тұрғындардың саяси обьектiге бағдарының ерекше формаларын бейнелеушi. Бұл бағдарлар өзiне танымдық, көңiл-күйлiк, бағалау аспектiлерiн қамтиды. Бұл бағдарлардың жиынтығын Г. Алмонд айтуы бойынша саяси мәдениет құбылысы сипаттайды.
Жаңа қоғамдық жүйеге өту қоғамның саяси мәдениетiнiң даму қарқынымен тiкелей байланысты. Қазiргi саяси ғылымдар саласында саяси мәдениеттiң қырықтан астам анықтамасы бар.
Осы кемшiлiктердi ескере отырып, саяси мәдениетке берiлген анықтамалардың бiрнешеуiн талдап көрейiк. Поляк саясаттанушысы Ежи Йозеф Вятрдың айтуы бойынша саяси мәдениет - ол үкiмет пен азаматтар арасына қатынасы бар нұсқаулардың, бағалаулардың, мiнез-құлықтардың жиынтығы. Сондықтан саяси мәдениетке мыналар жатқызылады:
а) саясат туралы түсiнiк, оған құштарлығы;
б) саяси оқиғаларды бағалай бiлу;
в) саяси мақсаттың сезiмдiк жағы, мысалы, отанды сүю, оның жауларына өшпендiлiк;
г) бұл қоғамды мойындайтын саяси бағыттардың үлгiлерi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет