А. Амангелді, С. Симбаева



Pdf көрінісі
бет160/165
Дата07.02.2023
өлшемі53,4 Mb.
#66060
түріОқулық
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   165
ІІІ. Өзгелік етіс 
Понудительный залог
Іс-қимылдың басқа біреу арқылы орындалатынын білдіретін етістің 
түрін өзгелік етіс деп атайды. Өзгелік етісті жасайтын жұрнақтар әртүрлі: -
қыз/-кіз, -ғыз/-гіз, -ыз/-із, -дыр/-дір, -тыр/-тір, -ыр/-ір, -т. Мысалы: айт+қыз, 
жет+кіз, жаз+ғыз, отыр+ғыз, ки+гіз, бер+гіз, ем+із, сал+дыр, киін+дір, 
ас+тыр, кес+тір, тік+тір, ас+ыр, бат+ыр, піс+ір, кет+ір, тазала+т, боса+т, 
жаса+т. 
Понудительный залог выражает действие, совершаемое субъектом, 
как бы по принуждению через другого субъекта. Понудительный залог 
образуется от основы переходных глаголов прибавлением суффиксов: -
қыз/-кіз, -ғыз/-гіз, -ыз/-із, -дыр/-дір, -тыр/-тір, -ыр/-ір, -т. Например: Мен 
ініме ертегі айт+қыз+дым. – Я заставила братишку рассказать сказку. Мен 
көйлек сатып ал+дыр+дым. – Я попросила себе купить платье. Сәуле 
сіңлісін ки+ін+дір+ді. – Сауле одела сестренку или Сауле заставила 
одеться cестренку. 
ІV. Ортақ етіс 
Взаимно-совместный залог 
Іс-қимылды орындаушының екі немесе бірнешеу екендігін білдіріп
іс-қимылдың бірлесе немесе бір-біріне бағыттала орындалатындығын 
көрсететін етістің түрін ортақ етіс деп атайды. Мысалы: жаз+ыс, ал+ыс, 
жу+ыс, айт+ыс, жина+с, хабарла+с. 
Взаимно-совместный 
залог 
обозначает 
действия, 
которые 
совершаются двумя или несколькими лицами и происходят совместно или 
направлено друг на друга. Взаимно-совместный залог образуется от 
основы глагола посредством суффиксов -ыс/-іс/-с. Например: Айман 
досымен хат жаз+ыс+а+ды. Айман переписывается с подругой. Мен 
Мұраттың жүгін көтер+іс+тім. Я помог Мурату отнести багаж. Жолдастар 
кезде+с+іп сәлемде+с+ті. Товарищи встретились и поздоровались. 
V. Ырықсыз етіс 


174 
Страдательный залог 
Іс-әрекеттің атқарушысы, қимыл иесі арнайы айтылмай, қимыл 
өздігінен істелгендігі көрініп тұрса, ондай етісті ырықсыз етіс деп атайды. 
Ырықсыз етіс -ыл/-іл/-л жұрнақтары арқылы, кейде түбір «л», «р» 
дыбыстарына аяқталса, -ын/-ін/-н жұрнақтары арқылы сабақты етістіктен 
жасалады. Ырықсыз етіс тек сабақты етістіктен жасалады, өзі жалғанған 
сабақты етістікті салт етістікке айналдырады. Мысалы: сөз айт+ыл+ды, хат 
жаз+ыл+ды, уәде бер+іл+ді, шарт жаса+л+ды, сабақ баста+л+ды, үй 
сал+ын+ды, қамал ал+ын+ды, бөлме тазала+н+ды, киім іл+ін+ді, машина 
көр+ін+ді. 
Страдательный залог обозначает действие, которое совершается как 
бы само собой без воздействия другого лица или объекта. Лицо или 
объект, совершившее данное действие, может быть явно не указано. 
Страдательный залог образуется от основы переходных глаголов 
прибавлением аффиксов -ыл/-іл/-л. Если основа оканчивается на «л» или 
«р», то страдательный залог образуется прибавлением суффиксов -ын/-ін/-
н. Например: Үй сал+ын+ды. – Дом построен. Кеш оқушылар арқылы 
ұйымдастыр+ыл+а+ды. – Вечер организуется учениками (здесь видно, кто 
организует вечер). Бөлме электр шамымен жарықта+н+а+ды. – Комната 
освещается лампой. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет