A. Б. Абдуллина мифтік фольклор оқу құралы Ақтөбе, 2014 Пікір жазғандар



бет18/45
Дата14.05.2023
өлшемі1,03 Mb.
#93081
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45
Байланысты:
A. Б. Абдуллина мифтік фольклор о у ралы А т бе, 2014 Пікір жа

Бақылау сұрақтары:

  1. Танымдық деген терминді қалай түсінесіз?

  2. Мифтік фольклордың танымдық маңызы қандай?

  3. Мифтердің астарындағы халықтық мән дегенді қалай түсінесіз?

  4. Мифтердің танымдық мәнінің түркі тілдес халықтарға ортақ болу себебі неде?

  5. Күн мен айға байланысты қандай фольклорлық сюжеттер бар?

  6. Жұлдыздарға байланысты аңыздық сюжеттердің шығу себептері қандай?

  7. Космоним деген терминді қалай түсінесіз?

  8. Аспан әлемі атауларының танымдық сыры неде?

  9. Космонимдерге байланысты мифтік сюжеттердің эстетикалық, танымдық мәні қандай?



§6. ҰЛТТЫҚ МИФОЛОГИЯДАҒЫ СИМВОЛИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕР


Мақсаты: Халық наным-сенімдері мен ырымдарындағы мифтік танымның негізін ашу, қолданылу сипатына түсінік беру.
Тірек сөздер: мифтік фольклор, мифофольклор, мифологиялық фольклор, наным-сенім, ырым, тыйым.
Жоспары:
1. Халық ырымдарындағы мифтік таным
2. Халық тыйымдарындағы мифтік таным


6.1 Қазақ ырымдарының мифтік сипаты. Қазақ – ежелден ырым, наным-сенімге бой алып, бет бұрған сенімшіл халық. Әр түрлі ғұрыптар мен тыйымдарға, жөн-жоралғыларды бұлжытпай орындаса ғана, өмір мәнділігімен ерекшеленді деген ұғым қалыптасты. Оның бәрі әлгі тәңірлік діннен бергі қарай қалыптасқан наным-сенімдердің жиынтығы болып есептеледі. «Бұл екі дүниенің қарым-қатынастарында бұлардың әрқайсысының салмағы мен атқаратын ролі бірдей емес еді. Табиғат дүниесі билеуші, бағындырушы ролін, ал адам дүниесі – бағынушы, икемденуші ролін атқарған. Өйткені табиғат дүниесін түрлі киелі әрі кесірлі тылсым күштер, пенденің күшімен салыстырғысыз қаһарлы, ешбір өлшемменен өлшене алмайтын күштің иелері құраса, адам дүниесінің тұрғындары сол табиғат күштерінің перзенттері, ішкен асы мен суын сол табиғат иелері рақымының арқасында тауып отырған жай адамдар ғана еді» [1, 32-б.], - деген пікірді фольклорист-ғалым Едіге Тұрсынов білдірген еді. Шынында, адам өзін табиғатпен егіз, ажырата алмас үлкен құбылыс деп есептеді. Адам табиғатпен бірге дамыды, бірге өрбіді. Соның тылсым күштеріне сиынды, табынды.
Осы ретте О.Жанайдаров «Ежелгі Қазақстан мифтері» атты кітабында былай деп жазды: «Қазіргі қазақтардың көптеген әдет-ғұрыптары, дәстүрлері, ырымдары тәңіршілік пайда болған сонау ықылым замандармен байланысты» [2, 195-б.]. Шынында, қазақ халқы аруақтарға, тылсым күштерге сенді, «жанды» мәңгілік ұғым деп есептеп, ата-баба аруағын қастерлеп, қадірледі. Көшпелі халық Құдайдан кейінгі екінші орынға ата-баба аруағын қойды. Дүниеден өткен ата-баба аруағына құрбандық шалу – сақ-скиф заманынан сыр шертері хақ.
Қазақ қасиеті күшті деп ағаштар мен өсімдіктерді қастерлеген. Ағаштың анау бір кездерден қалған тылсым күші мен сиқырлы әлемі өн бойында сақталып қалады. Сол жапандағы жалғыз терекке барып, тәу етеді, басына түнеп, орамал байлап, бір ырым етеді. Соның басына барып түнейді, құрбандық шалады. Сол секілді аруақ, әулие-әнбиелер жатқан жерлерді кие тұтып, зиярат етеді. Бұл да тәңірлік діннің бір елесі болып табылады.
Малды қазақ халқы кие тұтады. Осыдан келіп шығатын тыйым сөздер де халық санасында жатталып қалған. Малдың сүйегін басуға болмайды, сүтті төгу – ырысты төгу. Егер сүтті байқамай төгіп алса, оған саусақты батырып, бетін сипап, құрғатады. Бұл көріністер де анау бір замандағы тәңірлік дінінің сарқыншағы болса керек. Қазақтарда тыйымдар мен ырымдар өте көп. Үйлену тойының кезінде отқа май құю салты – осы қазақтың мифологиясынан туындаған дәстүр. Ертеде халық отты қадірлеп, оған табынған. Сол сенім мен нанымның бейнесі осы салттың бойына жинақталған.
Қазақ мифологиясында хикаялық мифонимдердің алатын орны ерекше. Солардың ішінде «пері» мифонимі халық арасында жағымсыз кейіпте көп тараған. Перінің қызы өте сұлу болып келетіні мифтік танымдардан белгілі. «Таулар мен далалардың, өзендер мен көлдердің үстімен қанатты, алтын шашты әдемі қыздар, ғажайып сұлу аспан арулары ағындап ұшып жүреді. ...Пері қыздардың сұлу болатыны сонша, олар жүрген жерінде айналасына нұр шашады, адамдардың жанын қуаныш, шаттыққа бөлейді екен» [2, 182-б.]. Пері – адамды өзіне меңдетіп, қаратып алып, космостық абаққа апарып, өздігінен құбылмалы бейне. Халық «түнде суға барма, су перісі қағып кетеді» дейді. Бұл сөзде де жан бар. Өйткені пері көбіне қараңғы, суық жерде жүреді. Әрі перілер беймаза, беймезгіл уақытта көшеді деген халық арасында жосық бар. Кешкікілік күн ұясына батып бара жатқан кезде адам ұйықтауға болмайды. Ол кезде жын-перілер көшіп-қонып жүрген кезде қағып кетуі мүмкін.
Күн нұры – танымдық көкжиекте тылсым күшке ие құбылыс. Әдетте алғаш Көк пен Жерді жаралды дейтін болсақ, Тәңір мен Ұмай ана – соның алғашқы жемісі. Тәңір (еркек) мен Жер-ана (әйел) өзара бірлік пен қарым-қатынаста болады. Абай өлеңінде бұл турасында мағлұмат беріледі (Күн – күйеу, Жер – қалыңдық). Күн - әлбетте ер адамның кейпі. Халық танымында мынадай мифтік аңыз бар: «Ертеде бір ханның сұлу қызы болыпты. Хан қызын елдің көзінен қызғанып, қараңғы темір үйге тығып қойыпты. Оған тек бір қаусаған кәрі кемпір күнде белгісіз жаққа кетіп қалатын себебін білгісі келіп, «Қайда барып жүрсің?» деп сұрағанда, ол: «Жарық дүние бар, қызым, сонда барамын», - деп жауап береді. Қыз сол жарықты көрсетуін өтініп қоймаған соң, бірде кемпір оны сыртқа алып шығады. Күннің жарық сәулесін көрген бойда қыздың басы айналып, есінен танып құлап қалыпты. Біраз уақыт өткен соң ол өзінің жүкті екенін сезіпті. Сөйтсе, мұның себебі Күн нұрының кмесі екен» [2, 208-б.]. Мұндай мысалдар халық танымында көптеп жетіп артылады. Бұл ретте осы құбылыстан туындайтын мифтік сананың жетілуінен пайда болған ырым-тыйымдар өрбиді. Қазақ қашан да қыз балаларына күндізгі уақытта үсті-басын жауып, жинақы жатуды, ашық-шашық болмауды сұрайды. Осы тыйымның астарында бұл оқиғаның жатқаны ақиқат. Тағы сол сияқты құрықтан, балтадан және иінағаштан аттап өтуге болмайды, олай істеген адам байымайды; егер түнде сиыр ұшырасса, арқасынан қамшымен ұру керек, себебі онда жын-шайтан отырады деген секілді тыйымдар көне заманның ауанын сездіреді. Себебі халық табиғатпен біртұтас кезде жан-жануарға мән беріп, оған сыйынған.
Халық танымында құстардың мифтік желілеріне байланысты туындаған тыйымдардың астарында өнегелі үлгілер жатыр. Ұлт ұғымында аққуды атуға тыйым салынған: қазақтар оны құс патшасы дейді. Аққуды өлтірген адам бақытсыздыққа ұшырайды. Сондай-ақ жапалақты, үкіні, тоқылдақты, көк қарға мен көкекті өлтірмейді. Қарлығашты қадірлеп, қастерлейді. Бұлардың астарында мифтік толғамдар мен орайлардың орналасқаны әбден күмәнсіз.
Қорыта келсек, қазақтың көне мифтері бүгінгі күні қолданысқа кең тараған ырым, тыйым, дәстүр, салт, жөн-жоралғы мен жосықтарда өзінің шырайлы бейнесін береді. Өйткені мифтік сана мен қоғамдық сана әрқашан біртұтас көлемде дамитын үлкен құбылыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет