8. Негізгі прагматикалық функция ерекшеліктері бойынша
аудармалар
а) практикалық тәжірибелік аударма-тәжірибелік қолдануға ақпараттық
қайнар көзі болып есептелетін аударма түрі
ә) жұмыстық аударма-редакциялық тексеруден өтпеген аударма, көбінесе
тәжірибелік қолдануға керекті бірақ басылымға дайын емес аударма түрі
б) кеңес беру аудармасы- көбінесе ауызша түрінде болатын
аннотациялық, реферативтік және қағаздан жазбаны таңдап алып аударылған
элементтері бар аударма беретін адамның көзінше аударылатын, аударма
үстінде оны қызықтыратың түпнұсқа мазмұн аспектісін анықтайтын ақпарат
түрінің аудармасы
в) баспасөз аудармасы-бұқаралық ақпараттық құралдар арқылы
тираждалған және кең таратылуы үшін арналған жазбаша аудармасы
г) баспадан шыққан аударма-бұқаралық ақпараттық құралдар арқылы
тираждалып көпшілікке таралған тәжірибе немесе оқу аудармасы
ғ) оқу аудармасы-бұл аударма көбінесе оқу үрдесінде аудармашыларды
дайындау үшін немесе шет тілін үйрету әдісінің бір түрі болып табылатын
аударма
д) эксперименталдік аударма-ғылыми мақсат бойынша орындалған
аударма
е) эталондік аударма- мамандандырылған аудармамен салыстыру үшін
үлгілік аударма түрі
Достарыңызбен бөлісу: |