А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет116/165
Дата15.11.2022
өлшемі2,27 Mb.
#50338
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   165
1. Тұтынушылар нарығы — тауар мен қызметті жеке тұтыну 
үшін алатын жеке адамдар жəне үй шаруашылықтары;
2. Өндірушілер нарығы — тауар мен қызметтерді өндіріс 
үрдісінде пайдалану үшін алатын мекемелер;
3. Аралық сатушылар нарығы — тауар мен қызметті өздері 
табыс табу үшін қайта сату мақсатында алатын ұйымдар; 
4. Мемлекеттік мекемелер нарығы тауар мен қызметті 
оларды сосын коммуналдық қызметте пайдалану үшін немесе 
бұл тауар мен қызметті мұқтаж адамдарға беру үшін алатын 
мемлекеттік ұйымдар; 
5. Халықаралық нарық — шетелдік тұтынушыларды, өнді-
рушілерді, аралық сатушыларды жəне мемлекеттік мекемелерді 
қосқандағы, шетелдегі сатып алушылар.
7.2.3. сурет. Клеинттер нарығының негізгі түрлері
Бəсекелестер. Кез келген фирма өз бəсекелестерін анықтау үшін 
зерттеу жүргізуі қажет: адамдар тауар сатып алу туралы шешімді 
қалай қабылдайды? 7.2.4. суретте бəсекелестердің негізгі 4 түрі 
көрсетілген: тілек-бəсекелестер, тауарлық-тектік бəсекелестер, 
тауарлық-түрлік бəсекелестер, бəсекелес маркалар. Маркетинг 
бойынша басқарушы бəсекелестердің 4 түрін қарастыру керек, ол, 
əсіресе бəсекелес маркаларға ерекше назар аудару қажет. Себебі, 
фирманың өтімін белсенді түрде тартып алатын да солар. 
Байланыс аудиториясы — ұйымға шынайы немесе əлеуетті 
қызығушылық танытатын немесе оның мақсатқа жету қабілетіне 
ықпал ететін кез келген топ. 
Байланыс аудиториясы фирманың нарықтағы қызметіне жол 
ашуы немесе қарсы əрекет етуі мүмкін.
7.2.4. сурет.  Бəсекелестердің негізгі 4 түрі
Қайырлы аудитория — фирмаға деген қызығушылығы 
қайырымды сипатқа ие топ. Ізделген аудитория — фирма олардың 
қызығушылығын іздейтін, бірақ үнемі таба бермейтін аудитория 
(мысалы, бұқаралық ақпарат құралдары). Жағымсыз аудитория 
— фирма олардың назарын аудармауға тырысатын, бірақ олар назар 
аударса, санасуға тура келетін топ (бойкот бойынша тұтынушылар 
тобы). 
Тұтынушылар
нарығы
Өндір
ушілер
нарығы
Аралық 
сатушылар 
нарығы
М
емлек
еттік
мек
емелер
нарығы
Ха
лықара
лық
нарығы
Фирма
Қандай тілегімді 
қанағаттандыруды
қалаймын? 
Көлікке қатысты 
мүмкіндіктерімді 
жақсарту үшін, 
қандай көлік сатып 
алғым келеді?
Велосипедтің 
қандай түрін 
сатып алғым 
келеді?
Велосипедтің 
қандай мар-
касын сатып 
алғым келеді?
ТІЛЕК-
БƏСЕКЕЛЕСТЕР
Көлік құралын 
сатып алу
Стереожүйе сатып 
алу
Еуропаға бару
ТАУАРЛЫҚ-
ТƏКТІК 
БƏСЕКЕЛЕСТЕР
Автомобиль сатып 
алу
Мотоцикл сатып 
алу
Велосипед бару
ТАУАРЛЫҚ-
ТҮРЛІК БƏСЕ-
КЕЛЕСТЕР
Үш 
жылдамдықты
Бес 
жылдамдықты
Он 
жылдамдықты
БƏСЕКЕЛЕС 
МАРКАЛАР
«Швинн»
«Рали»
«Сирс»
«Азуки»
«Гитан»


186
187
Кез келген фирма жеті түрлі байланыс аудиториясының орта-
сында əрекет етеді (7.2.5. сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет