2.5.1. кесте Коммерциялық күш салуды үдету тұжырымдамасы мен маркетинг тұжырымдамасының негізгі айырмашылықтары Коммерциялық күш салуды үдету тұжырымдамасы Маркетинг тұжырымдамасы Бастапқы нүктесі
Өндіріс
Мақсатты нарық
Назар аудару
орталығы
Өнім
Тұтынушы
мұқтаждықтары
Қаражат
Сату мен тауарды
жылжытуды
ынталандыру
Интегралданған
маркетинг
Нəтиже
Үлкен көлемдегі
сату есебінен түсетін
табыс
Табыс — тұтынушыларды
қанағаттандыру ретінде
2.6. Əлеуметтік-этикалық маркетинг тұжырымдамасы Соңғы жылдары маркетинг философиясының қоршаған орта-
ның ластануы, ресурстардың тапшылығы, халық санының өсуі,
аштық пен кедейшілік, қоғам қажеттіліктерін елемеу секілді
мəселелерге сəйкестігі мəселесі жиі көтеріліп жүр. Жылдам
тамақтану кəсіпорындары жеуге жарайтын, бірақ адамның ден-
саулығы үшін зиянды тамақтарды ұсынуда. Мейрамханаларда
пайдаланылатын біржолғы ыдыстар қалдықтардың көлемін кө-
бейтуде. Химиялық өнеркəсіптер ұсынған ұнтақтар киімнің
кірін жақсы кетіргенмен, өзен-көлдерді улап, балықтарды қырып,
олардың көбею мүмкіндіктерін қысқартуда.
Маркетинг қызметі тиімділігінің артуы өндіріс пен сатылымның
артуын үдетуде. Бұл табиғи ресурстарға қысымды арттырып,
адамның денсаулығы мен қоршаған ортаны сақтаумен байланысты
мəселелерді туындатуда. Тауар топтары мен түрлерінің көбеюі
нарыққа келіп жатқан жаңа тауарлар мен қызметтердің салдары
қандай болатынын айқындау мүмкіндігін жоққа шығаруда.
Сонымен қатар, тұтынушы да өзіне керек емес тауарларды жиі
алатын болды.
Қазіргі заманғы технологиялық даму — дамыған елдердегі
тұрмыстың тез өсуіне негіз болатын жəне сонымен бірге ғаламдық
экономикалық теңсіздікке соқтыратын қауіпті құбылыс. Өндіріс
пен тұтынудың өсуі ресурстарды тағылықпен пайдалануға жəне
ауаның, су мен топырақтың зиянды қалдықтармен ластануына
алып келеді.
Экологиялық теңсіздік факторлары жиынтығының нəтижесінде
мыналар қалыптасады:
— атмосферада CO
2
жиналуы;
— озон қабатының фреонды газдармен бұзылуы;
— ормандарды кесу;
— теңіз жəне жер ресурстарын шамадан тыс қолдану;
— пестицидтер мен химиялық тыңайтқыштарды қолдану;
— ауаға, су мен топыраққа улы қалдықтарды тастау;
— ұзақ уақыт бойы жарым-жартылай ыдырайтын радиоактивті
қалдықтардың жиналуы.
Қоршаған ортаны қорғау жергілікті, сонымен қатар ғаламдық
сипатқа ие.
Бұл мəселе жергілікті тұрғыдан оның қоршаған орта үшін кері
салдарын болдырмау немесе азайту үшін, экономикалық тəжірибені
қайта құру арқылы шешіледі.