А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет26/165
Дата15.11.2022
өлшемі2,27 Mb.
#50338
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   165
3. ТҰТЫНУ НАРЫҚТАРЫ
Тұтыну нарығы — тауарлар мен қызметтерді жеке тұтыну үшін 
басқа тəсілмен сатып алатын немесе иемденетін жеке тұлғалар мен 
үй шаруашылықтары. 
Тұтынушылар бір-бірінен жасына, табыс деңгейіне, біліміне
көшіп-қонуға бейімдігі мен талғамына қарай ерекшеленеді. Нарық 
саласындағы қайраткерлер тұтынушылардың түрлі топтарын жеке 
қарастырып, осы топтардың мұқтаждықтарын қанағаттандыруға 
арналған тауарлар мен қызметтерді дайындауды дұрыс деп тапты. 
Егер нарық сегменті айтарлықтай үлкен болса, кейбір фирмалар 
осы сегментке қызмет көрсету үшін арнайы маркетингтік 
бағдарламалар жасай алады.
3.1. Тұтынушылардың сатып алушылық мінез-құлқы
Бұрынғы кезде нарық саласындағы қайраткерлер өз тұтыну-
шыларын күнделікті сауда барысында танып-білетін. Алайда, 
фирмалардың саны мен нарық көлемінің өсуі маркетингтің көптеген 
басқарушыларын өз клиенттерімен тікелей қарым-қатынас жасау 
мүмкіндігінен айырды. Басқарушыларға тұтынушыларды барған 
сайын жиі зерттеуге тура келеді. Олар тұтынушыларды зерттеуге 
бұрынғыдан көп уақыт жұмсап, кім сатып алады, қалай сатып 
алады, қашан сатып алады, қай жерде жəне неге сатып алады деген 
сауалдарға жауап табуға күш салуда.
Негізгі сұрақ: тұтынушылар фирма қолданатын маркетингтің 
түрткі болуы бойынша түрлі əдістеріне қалай жауап қайтарады? 
Тұтынушылар тауардың əртүрлі қасиетін, бағасын, жарнамалық 
дəйектерін жəне т.б. қалай қабылдайтынын шындап анықтаған 
фирманың бəсекелестерінен артықшылығы болады. Фирмалардың 
жəне ғылыми қызметкерлердің маркетингтің түрткі болу факторы 
мен тұтынушылардың жауапты реакциясының арасындағы 
тəуелділікті зерттеуге соншалықты көп уақыт жұмсайтындығы 
сондықтан. Бұл күш салудың бастапқы нүктесі 3.1.1. суретте 
көрсетілген қарапайым үлгі болып табылады. Мұнда маркетингтің 
түрткі болу факторы мен басқа да тітіркендіргіштердің сатып алушы 
санасының «қара жəшігіне» еніп, белгілі бір пікірді тудыратыны 
көрсетілген. 


46
47


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет