А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет22/165
Дата15.11.2022
өлшемі2,27 Mb.
#50338
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   165
Байланысты:
Маркетинг

2.3. Тауарды жетілдіру тұжырымдамасы
Бұл — сатушылар басшылыққа алатын негізгі тəсілдердің тағы 
бір түрі.
Тауарды жетілдіру тұжырымдамасының мəні кəсіпорынның 
жоғары сапалы, жақсы пайдалану қасиеттері мен сипаттары 
бар тауар шығаруын білдіреді. Себебі, тұтынушылар мұндай 
тауарларға игі ниетпен қарайды.
Алайда, өз тауарына шамадан тыс əуестену өндірушіні үлкен 
шығынға ұшыратуы мүмкін. Маркетингтік болжамсыздық атты 


36
37
қатер бар. Оның пайда болу мүмкіндігі мен салдары туралы алғаш 
рет маркетинг саласындағы жетекші мамандардың бірі Теодор 
Левитт сипаттап берді. Ол Гарвард жоғары бизнес мектебінің 
ғылыми жұмыстарында «Маркетингтік болжамсыздық» атты 
мақала жариялады. Автор американдық мықты теміржолшы 
компаниялардың ыдырауы мен күйреу себептерін саралай келе, бұл 
компаниялардың иелерінің тек теміржол бизнесімен айналысып
көліктің бəсекелес түрлерінің пайда болуына назар аудармағаны 
туралы қорытындыға келеді. 
Нарықтың шындығы сонда, тікелей бəсекелес ретінде қара-
стырылатын өндірушілер нағыз бəсекелестер болып шығатын 
жағдайлар өте сирек. Мəселен, аса салтанатты автомобильдер 
қатарындағы «Роллс-Ройс» пен «Кадиллак» арзан автомобильдер-
мен бəсекеге түсе алмайды. Себебі, оларды сапасы үшін емес, 
беделді болғаны үшін сатып алады.
Тұтынушы қанағаттандыруды сатып алғандықтан, барлық 
тауарлар мен қызметтер, былай қарағанда мүлдем басқа қызметті 
атқаратын жəне өзгеше көрінетін тауарлар мен қызметтермен 
қарқынды бəсекеге түседі. Олар əртүрлі жолмен дайындалып
сатылады. Бірақ, бір мезгілде сол тұтынушының сол қажеттілікті 
қанағаттандыруының балама құралы болып табылады.
Төңкеріске дейінгі уақытта Ресей тауарды жетілдіру тұжырым-
дамасына айтарлықтай үлес қосты. ХХ ғасырдың басында 
сапасы жағынан Морозовтар фабрикасының сəтені, Прохоровтың 
«Үштаулы мануфактура» фабрикасының елегі, «Скороход» тауар 
белгісі бар «Санкт-Петербург аяқ киім механикалық өндірісі» 
Жоғары бекітілген серіктестігінде жасалған аяқ киім, Мəскеудің 
«Эйнем» кондитерлік фабрикасының шоколады жəне басқа да 
тауарлар үздік саналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет