А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет29/165
Дата15.11.2022
өлшемі2,27 Mb.
#50338
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   165
Байланысты:
Маркетинг

Қоғамдық таптар — иерархиялық тəртіпте орналасқан жəне мү-
шелерінде ұқсас құндылық түсініктер, қызығушылықтар мен мінез-
құлықтар болатын қоғамдағы салыстырмалы түрдегі тұрақты таптар.
Социологтар Америка Құрама Штаттарындағы алты қоғамдық 
тапты бөліп көрсетті. Олар 3.2.1. кестеде ұсынылған.
3.2.1. кесте 
АҚШ-тағы алты негізгі қоғамдық таптардың сипаттамасы
Қоғамдық тап
Таптың сипаттамасы
1
2
Жоғары жоғары тап
(халықтың 1%-нан аз)
Атақты отбасынан шыққан жəне мұраға қалған 
байлықпен өмір сүретін қоғамның бетке ұстар-
лары. Ақшаларын қайырымдылық мақсатқа 
жұмсайды, кем дегенде бір үйі бар, байлықтарын 
ашық көрсетуге үйренбеген. Басқа таптарға 
референттік топ ретінде қызмет етеді. Асыл 
заттар, антиквариаттар, үйлер нарығы, демалыс 
пен саяхатты ұйымдастыру бойынша қызметтер.
1
2
Төменгі жоғары тап
(2% шамасында)
Өз қабілеттерінің арқасында үлкен табыс 
табатын еркін кəсіп тұлғалары немесе бизнес-
мендер.
Қоғамдық жəне азаматтық істерде белсенді
өздерінің əлеуметтік жағдайын ашық көрсетуге 
ұмтылады жəне қаражаттарын елге көрсетіп 
шашады. 
Жоғары жоғары тапқа қосылуға тырысады. 
Қымбат үйлер, қайықтар, жүзу бассейндері, ав-
томобильдер нарығы.
Жоғары орта тап
(12% )
Мансап қуған еркін кəсіп иелері, басқарушылар, 
бизнесмендер.
Білім, рухани өмір, мəдениет жəне азаматтық іс-
терге қамқорлық көрсетеді. Жақсы үйлер, жиһаз-
дар, киімдер мен тұрмыстық заттар нарығы.
Төменгі орта тап
(30%)
Қызметшілер, ұсақ кəсіпкерлер, «жұмысшы 
ақсүйектер» (су құбыршы, зауыттардың орта 
инженерлік-техникалық құрамы). 
Мəдениет нормалары мен ережелерінің сақта-
луын, өздеріне байсалдылық даңқын жасауды 
ойлайды. «Өзің істе» деген секілді тауарлар, 
шаруашылық жабдықтар, қарапайым үлгідегі 
киімдер нарығы.
Жоғары төмен тап
(35% )
Ұсақ қызметшілер, мамандандырылған жəне 
жартылай мамандандырылған жұмысшылар.
Жыныстар рөлінің нақты бөлінуі мəселесі 
мен өздерінің қоғамдағы орнының нығаюы 
жайын уайымдайды. Спорт тауарлары, сыра, үй 
шаруашылығына қажетті тауарлар нарығы.
Төменгі төмен тап
(20%)
Мамандандырылмаған жұмысшылар, жəрдем-
ақыға өмір сүретін тұлғалар. 
Азық-түлік, теледидар, қолданылған автокөлік 
нарығы.
Қоғамдық таптарға бірнеше сипаттамалар тəн: 1) бір тапқа 
жататын тұлғалардың барлығы дерлік бірдей іс-əрекет жасауға 
бейім; 2) адамдар бір тапқа жататындығына байланысты қоғамда 
айтарлықтай жоғары немесе айтарлықтай төмен орынға орналасады; 
3) қоғамдық тап болмашы өзгерістің негізінде емес, жұмыс, табыс, 
байлық, білім, құндылық бағдары жəне өзі секілді тұлғалардың 


50
51
сипаттамасына қарап анықталады; 4) тұлғаның анағұрлым жоғары 
тапқа көтерілуі немесе төменгі таптардың біріне түсіп қалуы 
мүмкін. 
Қоғамдық таптар үшін нақты киім маркалары, белгілі бір 
тауарлар, шаруашылық жабдықтар, автомобильдер, демалысты 
өткізудің қандай да бір түрі тəн. Сондықтан, нарықтағы кейбір 
қызметкерлер нақты бір қоғамдық тапқа күш салады. Мақсатты 
қоғамдық тап белгілі бір дүкенді қарастырады. Онда белгілі 
тауарлар, оның жарнамасына қажетті ақпаратты таратудың нақты 
құралдары, жарнамалық қатынастың бір түріне таңдау болуы 
қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет