1.2.1. сурет.Қажеттіліктердің негізгі түрлері Дара немесе жеке қажеттілік — нақты бір игілікке қажеттілік.
Мысалы, Асылхан Жүнісов барлық нандардың ішінен қара нанды
тəуір көреді.
Алайда, қажеттіліктер тек дара түрде ғана емес, жиынтық түрде
де қарастырылады.
Жалпы қажеттілік — бұл тіршілік əрекетінің белгілі бір
үдерісін қамтамасыз ететін, материалдық жəне рухани игіліктердің
жиынтығына қажеттілік. Адамдардың киімге, тамаққа, үйге,
білімге қажеттіліктері болады.
Қажеттілік санатының екі аспектісін бөліп көрсету керек.
Біріншісі — қажеттіліктің мазмұны жəне байқалу түрі. Олардың
жоғары деңгейі — өндіріс пен мəдениеттің дамуымен шартталған
жəне қол жеткен экономикалық жəне əлеуметтік жағдайлармен
шектелмейтін, тұтынушылардың тұрақты қажеттіліктерін көр-
сететін нағыз қоғамдық қажеттіліктер (немесе қоғамның абсолют-
ті тұтынушылық күші). Едəуір төменгі деңгейі — əрбір белгілі
сəтте қанағаттандырылуы өндіріс пен əлеуметтік жағдайлардың
мүмкіндігін қамтамасыз ететін керекті қажеттіліктер. Керекті
қажеттіліктердің төменгі шегі — тіршілік ету тəсілінің физикалық
ең аз деңгейі.
Нағыз қажеттіліктер — бұл қанағаттандырылатын қажеттілік-
тер қанағаттандырылмайтын қажеттіліктермен араласатын то-
лық қажеттіліктер. Олар маркетингте белгілі бір тауарлардың
көлемін анықтау үшін саралау нысаны болып табылады. Мысалы,
қазақстандық нарықта теледидардың тұтынушылары отбасы болып
саналады. Сондықтан, нақты аймақтағы теледидар нарығының
көлемін анықтау үшін, осы жерде тұратын отбасылардың, сондай-
ақ, теледидар ауыстыруды немесе екінші немесе үшінші теледидар
сатып алуды қалайтын отбасылардың жалпы саны анықталады.
Түрлі себептерге байланысты теледидар алуды қаламайтын
отбасылардың саны осы саннан алынып тасталады. Қалған отба-
сылардың саны осы нарықтағы теледидарға нақты қажеттлікті
анықтайды.
Нақты қажеттіліктерді елдің ішкі нарығы қалыптастырады.
Жалпы адамзаттық қажеттіліктер де болады. Оларға абсолютті
қажеттіліктер жатады — əлемдік қауымдастық өндіретін игіліктер
мен қызметтерге қажеттілік.
Абсолютті қажеттіліктерде интерұлттық сипат анық байқа-
лады. Яғни, əлемдегі əрбір адам кез келген елде пайда болған