А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы


 сурет. Маркетинг қызметінің саласы Адам Адам 1.2. сурет



Pdf көрінісі
бет3/165
Дата15.11.2022
өлшемі2,27 Mb.
#50338
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   165
Байланысты:
Маркетинг

1.1. сурет. Маркетинг қызметінің саласы
Адам Адам
1.2. сурет. Маркетинг жүйесіндегі негізгі түсініктер 
байланысының схемасы 
1.2. Мұқтаждық жəне қажеттілік
Маркетингтің негізінде жатқан бастапқы идея адам мұқтаж-
дықтарының идеясы болып табылады. 
Мұқтаждық — адамның табиғатынан бастау алатын бір нəрсеге 
зəрулік сезімі.
Адамдардың мұқтаждығы күрделі, əрі əр алуан. Оған физио-
логиялық — тағамға, тұрғын үйге, киімге, қауіпсіздікке; əлеуметтік 
— рухани жақындыққа, ықпал етуге, үйренісуге; жеке — білімге, 
өзін өзі танытуға сияқты мұқтаждықтар жатады. 
Адам мұқтаждығы қанағаттандырылмаса, ол өзін бақытсыз 
сезініп, бейшара халге түседі. Ол үшін қандай да бір мұқтаждық 
қаншалықты маңызды болса, соншалықты қатты уайымдайды. 
Мұқтаждығы қанағаттандырылмаған адам келесі екі таңдаудың 
бірін жасайды: мұқтаждығын қанағаттандыратын нысан табады 
немесе ол жөнінде ұмытуға тырысады.
Маркетингтің тағы бір бастапқы нысаны адамдардың қажеттілігі 
идеясы болып табылады.
Қажеттілік — индивидтің тұлғасы мен мəдени деңгейіне 
сəйкес, ерекше формаға ие болған мұқтаждық. 
Құрама Штаттардың ашыққан тұрғынына гамбургер, картоп 
кептірмесі мен бір стақан кола қажет. Ал Қазақстанның азаматына 
мұндай жағдайда бір тəрелке сорпа, котлет пен картоп, макарон, 
кеспе жəне бір шыны аяқ шай керек. Қажеттіліктер — белгілі 
бір қоғамның мəдени тұрмыс салтына таңсық нысандарда анық 
байқалады. 
Адамдардың қажеттілігі қоғамның қарқынды дамуына 
байланысты артып отырады. Адамдар барған сайын олардың 
қызығушылығын, əуестігі мен тілектерін тудыратын көптеген 
нысандармен бетпе-бет келуде. Тауар өндірушілер өз тараптарынан 
халықтың тауарды алу тілегін үдету үшін мақсатты əрекеттер 
жасауда. Олар өздері өндіретін тауарлар мен адамдардың мұқ-
таждықтарының арасында байланыс қалыптастыруға тырысуда. 
Тауарды бірнеше ерекше мұқтаждықты қанағаттандыруға арнал-
ған құрал ретінде насихаттайды. Маркетолог мұқтаждықты жаса-
майды, өйткені ол өмірде бар нəрсе. Бірақ, маркетолог қажеттілікті 
қалыптастыра алады. 
Адамдардың қажеттілігі шексіз, бірақ оларды қанғаттандыратын 
ресурстар шектеулі. Сол себепті, адам өзінің қаржылық жағдайы 
мүмкіндік беретін тауарды таңдайды. 
Адамдардың 
мұқтаждықтары 
мен қажеттіліктері
Т
ау
а
р өн
д
ір
уш
і
Т
а
у
ар
ө
нд
ір
уш
і
Т
ауа
р
ө
нд
ір
у
ші
Т
а
у
ар
өн
д
і
р
уш
і
Айырбас
Айырбас
Айырбас
Айырбас
Айырбас
Айырб
ас
Айырбас 
келісім
Жан-жақты қарастырайык
Қажеттілік
Қажеттілік
Мұқтаждық
(Мұқтаждық формасы) 
Мұқтаждық
(Мұқтаждық формасы) 
Сұраным
(Қанағаттандырылатын 
қажеттілік) 
Сұраным
(Қанағаттандырылатын 
қажеттілік) 


8
9
Қажеттіліктің екі жағы бар: объективті (материалдық игілік) 
жəне субъективті (сана).
Сана — қажеттіліктің негізгі элементі, себебі ол адамның 
санасында жеке бастың мəдени деңгейі мен тұлғалық қасиеттеріне 
сəйкес, ерекше формаға ие болады.
Қажеттіліктер объективті, себебі материалдық жəне рухани 
игіліктер өндіріс барысында жасалады. Сонымен қатар, қажет-
тіліктер субъективті, себебі адам оларды түйсінеді жəне қоғамның 
мəдени əрі рухани дамуына байланысты болады. 
Қажеттіліктер үнемі қозғалыс, даму, бүкіл əлемге таралу 
жағдайында.
Қажеттіліктің өз өмірлік циклы бар: дүниеге келу, таралу, өлу. 
Өмірлік циклдың əрбір нүктесінің кəсіпкерлік қызметтің белгілі 
бір түріне қатысты кескіні бар: НИОКР (ҒЗТКЖ — ғылыми 
зерттеу жəне тəжірибелік конструкторлық жұмыстар), өндіріс, 
нарық, тұтынушы. Бұл кəсіпкер мен кəсіпорынды тұтынушыны 
қанағаттандыруға қажет өнімдерді жəне қызметтерді жасап, 
жылжытуға мəжбүрлейді. 
Өндіруші қажеттіктерді анықтау, тауарды пайдаланудың 
анағұрлым жарқын əлеуметтік нəтижелерін көрсету арқылы өз 
өнімдерінің сатылуын күшейтеді. 
Адамдардың қажеттіліктерін бірнеше түрге бөлуге болады 
(1.2.1. сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет