А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет8/165
Дата15.11.2022
өлшемі2,27 Mb.
#50338
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   165
1.5. Келісім 
Айырбас ғылыми пəн ретіндегі маркетингтің негізгі түсінігі 
болса, маркетинг саласындағы негізгі бірлік өлшемі — келісім 
болып табылады.
Келісім — бұл экономикалық жəне сауда əрекеттестігінің түрлі 
формаларымен байланысты, екі немесе бірнеше экономикалық 
субъектілердің ауызша немесе жазбаша шарттары бойынша 
бірқатар шараларды өткізу туралы коммерциялық құндылықтарды 
айырбастауы.
Бұл үшін А тарабы Б тарабына Х нысанын беріп, оның орнына
Y нысанын алуы керек. Былайша айтқанда, Иванов Омаровқа 
40000 теңге беріп, орнына теледидар алады. Бұл классикалық ақша 
келісімі, бірақ ақшаның айырбасталатын коммерциялық құндылық 
орнында болуы міндетті емес. Бартерлік келісімде Иванов 
Омаровқа теледидардың орнына мұздатқышты айырбастайды. 
Бартерлік келісім кезінде тауардың орнына қызметті айырбастауға 
болады. Мысалы, заңгер Иванов дəрігер Омаровқа өсиет толтырып 
беріп, айырбас ретінде Ивановтың көмегімен толық медициналық 
тексеруден өтеді.
Келісім бірнеше шарттардың болуын қарастырады: 1) кемінде екі 
құндылықты нысанның болуы; 2) оны жүзеге асырудың келісілген 
шарттары; 3) жүзеге асыру уақытының келісілуі; 4) келісілген жерде 
өтуі. Келісім — оған қатысушылардың арасындағы экономикалық 
қатынастарды белгілейді, өзгертеді, тоқтатады, жаңа түр береді. 
Келісімнің көптеген түрлері бар, олар қатысушыларға, келісім пəні, 
нысанына, келісім жасалған жерге, өткізілетін операциялардың 
көлеміне, келісімнің құқықтық түрі мен заң тұрғысынан қамтамасыз 
етілуіне, төлем түріне байланысты ерекшеленеді. 
«Келісім» түсінігі тікелей «нарық» мағынасына алып келеді.
1.6. Нарық 
Маркетингтегі «нарық» түсінігі экономикадағы осы тектес 
түсініктен елеулі түрде ерекшеленеді. 
Маркетингтегі нарық — бұл қазіргі жəне əлеуетті тауар сатып 
алушылардың жиынтығы. Нарық белгілі бір мұқтаждықтары 
мен қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, айырбасқа қатысқысы 
келетін жəне осыған мүмкіндігі бар əлеуетті тұтынушыларды 
қалыптастырады. 
Кемінде 2 айырбастаушы 
тараптың болуы
Айырбастың тұрақты 
мүмкіндігінің 5 шарты
Тараптар үшін 
айырбастың 
қажеттілігі
Айырбас 
заттарының 
болуы
Айырбас туралы шешім 
қабылдаудың еркіндігі
Айырбасталатын заттар 
туралы хабардар ету


16
17
Нарықтың мөлшері — мұқтаждықтарды жəне қажеттіліктерді 
белгілі бір ресурстарды керек ететін, басқа да жеке дара 
айырбастауларға жағдайы келетін жəне тілек білдіруші адамдардың 
санына байланысты. Мамандар бұл терминді тұтынушылар мен 
сатушылар тобына қолданады, олар белгілі бір тауарды немесе 
тауарлардың бүтін тобын айырбастайды. Астық нарығы, валюта 
нарығы жəне т.б. осыдан шығады. 
Қазіргі заманғы экономика көптеген нарықтардан құралады. 
1.6.1. суретте негізгі бес нарық пен олардың арасындағы байланыс 
көрсетілген.
Ресурстар нарығында (шикізат нарығы, еңбек нарығы, ақша 
нарығы жəне т. б.) өндірушілер ресурстарды иеленіп, оларды тауар 
мен қызметке айналдырып, дайын өнімді тұтынушыларға өткізетін 
делдалдарға сатады. Тұтынушылар өз еңбектерін сата отырып, 
тауар мен қызметке ақы төлейді. Үкімет салық түрінде алынған 
ақшалай қаражаттарды нарықтағы ресурстарды сатып алып, 
оны өндірушілер мен делдалдарға қоғамдық мұқтаждықтарды 
қанағаттандыруға бағдарлайды.
Əлемдік нарықтық экономика айырбас үрдісімен біріккен өзара 
əрекет ететін нарықтар кешені болып табылады. 
Маркетинг айырбас арқылы адамдардың мұқтаждықтары мен 
қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында нарықта жұмыс 
істеумен айналысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет