А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет6/165
Дата15.11.2022
өлшемі2,27 Mb.
#50338
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   165
Байланысты:
Маркетинг

1.4. Тауар жəне айырбас
Тауар — қажеттілікті немесе мұқтаждықты қанағаттандыра 
алатын нəрсенің барлығы. Ол нарыққа назар аудару, сатып алу
пайдалану немесе қолдану үшін ұсынылады. 
Мысалы, адам шет тілін білуге қажеттілікті сезінді делік. 
Оның осы қажеттілігін қанағаттандыра алатын заттардың 
барлығын таңдаудың тауарлық ассортименті деп атаймыз. Бұл 
ассортиментке — оқулықтар, аудиокассеталар, оқытушының 
қызметі, шетелге сапарға шығу, т.б. кіреді. Бұл тауарлардың 
барлығы тең дəрежеде тілекке сəйкес емес. Адамдар бірінші кезекте 
анағұрлым қолжетерлік жəне арзан тауарларды таңдап алады. 
Тауар тұтынушының қалауына неғұрлым толық сəйкес келсе, 
өндіруші соғұрлым көп табысқа жетеді. 
Осылайша, өндірушілер өз тауарларын сатқысы келетін 
тұтынушыларды тауып, олардың қажеттіліктерін анықтап, содан 
кейін осы қажеттіліктерді барынша толық қанағаттандыратын
тауарларды өндіруі керек (1.4.1. сурет). 
«Тауар» түсінігі тек физикалық нысандармен шектелмейді, 
тауар деп қажеттілікті қанағаттандыратын барлық қызметтерді 
атауға болады. Бұйымдар мен қызметтерден басқа, бұл жеке 
тұлға, орындар, ұйымдар, идеялар, қызмет түрлері мен идея 
болуы мүмкін. Тұтынушы теледидардан қандай ойын-сауық 
бағдарламасын көруді, демалыста қайда баруды, қандай ұйымдарға 
көмек көрсетуді, қандай идеяларды қолдауды өзі шешеді. 


12
13
Қажеттіліктің түрі
Тауар
ВАА
Қажеттілік пен 
тауардың сəйкестік 
дəрежесі
Толық 
қанағаттандырылатын 
қажеттілік
Бар
Бар
Ішінара 
қанағаттандырылатын 
қажеттілік
Бар
Бар
Қанағаттандырылмайтын 
қажеттілік
Жоқ

1.4.1. сурет. Қажеттіліктің тауарға сəйкестігі жағдайы
Қызмет — сезілмейтін əрекет, бір нəрсеге ие болуға соқтыр-
майтын, бір тараптың екінші тарапқа ұсына алатын кез келген 
қызметі.
Маркетинг — адамдар өз мұқтаждықтары мен сұранымдарын 
айырбастың көмегімен қанағаттандырмақ болған жағдайларда 
орын алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет