88
89
Жалпы маркетинг жалпы өндіріс басталған кезде өте таны-
мал болды, бірақ
соңғы жылдары оны таза күйінде қолданатын
фирмалардың саны күрт азайып кетті. Бұған мыналар ықпал
етті: бəсекелестіктің артуы, нарықтың əртүрлі сегменттеріне шығу
арқылы сұранысқа жағдай жасау, əртүрлі сегменттердің қалауын
дəл айқындауға қабілетті маркетингтік зерттеулер сапасының
жоғарылауы жəне сегменттеудің көмегімен жалпы өндірістік жəне
маркетингтік шығындарды төмендету мүмкіндігі.
Бұл əдісті қолданудан бұрын, компания бірнеше факторларды
зерттеп білуі тиіс. Жаппай өндіріс, тарату жəне жарнамалау үшін
айтарлықтай көп ресурстар мен бүкіл компанияның қабілеттілігі та-
лап етіледі. Алайда, осының арқасында тауарлар мен қызметтердің
шектеулі саны ұсынылып, түрлі сауда маркалары қолданылмайтын
болғандықтан, өндіріс пен маркетингке салыстырмалы шығындар
азаяды. Бұл үнемділік бəсекелестікке қабілетті төмен бағаларды
орнатуға мүмкіндік туғызады.
Жалпы маркетингтің басты мақсаты — өткізуді барынша
көбейту, яғни өнімнің бір түрін мүмкіндігінше көп сату. Əдетте
ұлттық нарық аясындағы мақсаттар қойылады.
Таза күйіндегі сəтті жалпы маркетинг үшін
сатып алушылардың
үлкен жиынтығының бірдей қасиеттері бар тауарлар мен
қызметтерге қажеттілікті сезінуі керек.
Жалпы маркетинг кезінде тұтынушыларың əртүрлі топтары
теңестірілмейді.
Фирмалар жалпы маркетинг кезінде тауарларын барлық
нүктелерде сатады. Өткізу арналарының кейбір қатысушылары
егер фирманың тауарлары таяуда орналасқан бірнеше дүкенде са-
тылып жатса, ренжуі мүмкін жəне өзінің ассортиментін кеңейту
үшін, қосымша сауда маркаларын сатуды талап етуі мүмкін.
Оларды бəсекелес тауарлармен жұмыс істемеуге көндіру өте
қиын. Дүкен сөресіндегі фирмаға бөлінген орын, оның саудалық
маркасының танымалдығына жəне тауарды жылжыту кезінде
көрсеткен көмегіне байланысты болады. Сатудың соңғы бағасын
көбінесе өткізу арналары орнатады.
Жалпы маркетинг стратегиясы жиынтық пайда мен ұзақмерзімді
кірістерді есепке алуы тиіс.
Бұл стратегияны қолдана отырып, тұрақты жəне танымал бей-
не қалыптастыруға болады. Ол тұтынушылар осы фирма туралы
ойлағанда пайда болады жəне көпке дейін сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: