А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет59/165
Дата15.11.2022
өлшемі2,27 Mb.
#50338
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   165
Байланысты:
Маркетинг

5.4.4. сурет.
 
Сату болжамын жасау
Компанияның өткізуді болжауға қажетті мəліметтерді 
алуы үшін бірнеше балама дереккөздер болады. Үкімет ақпаратты 
бүкіл елдегі халық өсімі жəне жеке аудандар, салалардағы сату 
көлемі, тауарлардың түрлері, экономикалық жағдайлар бойынша 
жинақтап, сақтайды.
Сонымен қатар, фирма мəліметтерді қазіргі жəне болашақ 
тұтынушылардан, жетекшілерден, сауда қызметкерлерінен алып
ішкі ақпаратты пайдалана алады. Бұл мəліметтерде, əдетте салалық
болжамдарға емес, фирмаларға назар аударылады. 
5.5. Нарық мүмкіндіктерін саралау
Кез келген компания ашылып жатқан нарықтық мүмкіндіктерді 
анықтай білуге тиісті. Бірде-бір фирма өзінің қазіргі тауарлары мен 
нарықтарына үнемі сенім арта алмайды. 
Компанияларға өз мүмкіндіктері өте шектеулі болып көрінуі 
мүмкін, бірақ бұл олар айналысып жатқан істің болашағын ойша 
бағамдай алмау жəне өздерінің мықты жақтарын мойындамау 
ғана. Шындығында, кез келген компанияның алдында көптеген 
нарықтық жетістіктер тұрады.
Фирма өзі үшін жаңа нарықтық мүмкіндіктерді іздестіруде 
делік. Оларды қандай жолмен табуға жəне бағалауға болады?
Жаңа нарықтарды айқындау.
Ұйым жаңа мүмкіндіктерді іздеумен кейде немесе жүйелі 
түрде айналысуы мүмкін. Көптеген фирмалар нарықтағы өзгері-
стерді бақылап, жаңа идеяларды іздестіреді. Компания басшы-
лары газеттерді оқиды, мамандандырылған көрмелерге барады
бəсекелестерінің тауарларын зерттейді, нарықтық ақпараттарды 
басқа да жолдармен жинайды. Ақпаратты жинаудың бейресми 
əдістерін қолдану арқылы көптеген идеялар алуға болады.
Басқалары ресми тəсілдерді пайдалана отырып, жаңа 
нарықтарды айқындайды. Осындай пайдалы тəсілдердің бірі тауар 
мен нарықты дамыту кестесі болып табылады. Мұндай кесте 5.5.5. 
суретте көрсетілген жəне ол «Элен Кертис» фирмасының сусабы-
нына қатысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет