А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет108/165
Дата15.11.2022
өлшемі2,27 Mb.
#50338
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   165
Мақсатты нарық туралы шешім. Бөлшек саудагер қабылдауға 
тиісті ең маңызды шешім — мақсатты нарықты таңдау. Мақсатты 
нарықты таңдамастан жəне оның бағдарын құрастырмастан бұрын, 
тауар ассортименті, дүкенді безендіру, жарнамалық үндеулер, 
жарнама құралдары, баға деңгейі жəне т.б. өзара байланысты 
бірізді шешімдерді қабылдау мүмкін емес. Кейбір дүкендер 
өздерінің мақсатты нарықтарына нақты бейімделген. Мысалы, 
Калифорниядағы Палм-Спрингс қаласындағы əйелдерге арналған 
сəнді киімдер дүкені оның негізгі нарығын табысы жоғары
көлікпен жүргенде 30 минуттық қашықтықта тұратын, 30-55 жас 
аралығындағы əйелдер құрайтынын біледі. Алайда, көптеген бөлшек 
сатушылар өздерінің мақсатты нарықтарын білмейді немесе өзара 
байланыссыз нарықтарды қанағаттандыруға тырысқандықтан, 
нəтижесінде олардың бірін де толық қанағаттандыра алмай 
қалады. Тіпті, көптеген əртүрлі топтарға қызмет көрсететін 
«Сиро» фирмасының өзі осы топтардың ішінде қайсысы өзінің 
негізгі мақсатты клиенттері болатынын нақты білуі қажет. Бұл осы 
топқа арналған тауарлық ассортиментті іріктеу, бағаны белгілеу
дүкендердің орналасу орнын, ынталандыру əдістерін анықтау 
үшін қажет. 
Бөлшек саудагерге үнемі маркетингтік зерттеулер жүргізіп 
отыру керек. Бұл өз клиенттерінің қанағаттандырылатынына 
толық сенімді болу үшін қажет. Көз алдарыңа өзіне бай клиенттерді 


172
173
тартуды қалайтын дүкенді елестетіп көріңдер. 6.4.7. суретте осы 
дүкеннің қазіргі бейнесі қара сызықпен көрсетілген. Мұндай бейне 
қалаған мақсатты нарық үшін тартымсыз, сондықтан дүкенге 
көпшілік нарыққа қызмет көрсетумен айналысумен немесе 
«жоғары тапқа» арналған мекемеге айналу қажет. Дүкен айтылған 
екінші ұсынысты таңдады делік. Біраз уақыттан кейін дүкен өз 
клиенттерінің арасында қайталап сауалнама жүргізеді. Оның жаңа 
бейнесі 6.4.7. суретте сызықпен көрсетілген. Дүкенге өз бейнесін 
мақсатты нарық талаптарына жақындатудың сəті түсті.
Өте
Едəуір
Айт
а 
ал
м
аймын
Едəуір
Өте
Жағымды интерьер
Түсініксіз интерьер
Дүкеннен тауар сатып 
алу жеңіл
Дүкеннен тауар сатып 
алу қиын
Көп қызмет ұсынылады 
Жоғары сапалы тауар
Аз қызмет ұсынылады
Төмен сапалы тауар
Тауар таңдаудың көптігі
Ескі бейне
Тауар таңдаудың 
шектеулігі
Басқа дүкенмен 
салыстырғанда, бағалар 
жоғары
Басқа дүкенмен 
салыстырғанда, бағалар 
төмен
Сатушылар жылы 
шырайлы
Сатушылар жылы 
шырайлы емес
Сатушылар қызмет етуге 
дайын
Жаңа бейне
Сатушылар қызмет 
етуге дайын емес
Дүкен басқа дүкендермен 
салыстырғанда, ыңғайлы 
орналасқан
Дүкен басқа 
дүкендермен 
салыстырғанда, 
ыңғайсыз орналасқан
Дүкен үйге қатысты 
ыңғайлы орналасқан
Дүкен үйге қатысты 
ыңғайсыз орналасқан
6.4.7. сурет. Өзіне мақсатты аудиторияны тартуды қалайтын ескі 
жəне жаңа дүкендердің бейнелерін салыстыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет