Сауда автоматтары. Бүгінгі автоматтар тиындарды немесе
купюраларды қабылдай алады жəне артық ақшаны қайтарып бере
алады. Сауда автоматтары арқылы көптеген əралуан тауарларды
сата бастады, олардың ішінде тез өтетін күнделікті сұраныс
тауарлары (темекі, алкогольсіз сусындар, кəмпиттер, газеттер,
ыстық жəне салқын сусындар) жəне басқа да өнімдер (косметика,
қағаз мұқабалы кітаптар, грампластинка альбомдары, пленкалар,
футболкалар, сақтандыру полистері, аяқ киімге арналған кремдер,
тіпті балық аулауға арналған жем) бар.
Сауда автоматтары зауыттарда, мекемелерде, ірі дүкендерде,
бензин құю стансаларында, темір жолдағы мейрамхана вагондарда
орналасады. Олар, əдетте, ең қолайлы жерлердегі сауда алаңдарын
жалдайтын жəне автоматтарға қызмет көрсетумен айналысатын
ерекше фирмаларға тиесілі болып келеді.
Сауда автоматтары тұтынушыға тəулік бойы сауда жасау
мүмкіндігін береді жəне өзіне-өзі қызмет көрсетуді ұсынады,
сонымен қоса бұзылған тауарлар сатып алу мүмкіндігін азайтады.
Сонымен бірге, сауда автоматтары салыстырмалы түрде алғанда
тауар таратудың қымбат каналы болып есептеледі. Олар арқылы
сатылатын тауарлардың бағасы көп жағдайда əдеттегі бағадан 15—
20 %-ға қымбат болады. Сатушының да шығындары үлкен, себебі
үлкен аумақтарға шашыраңқы орналасқан автоматтар тауарды
жиі толықтырып тұруды талап етеді, кейде істен шығып қалса, ал
бірқатар аудандардағы автоматтар ұсақ-үйек ұрлықтан зиян шегеді.
Əдетте, тұтынушыларды автоматтардың сынып қалуы, олардың
тауарлармен уақтылы толықтырылмауы жəне сатып алған тауарды
қайтарып беру мүмкіндігінің жоқтығы тітіркендіреді.
Жеңілдікпен тапсырыс беру қызметі. Жеңілдікпен тапсырыс
беру қызметі клиенттердің ерекше тобына — əдетте, мектептер,
ауруханалар, одақтар мен мемлекеттік мекемелер секілді ірі
ұйымдардың қызметкерлері мен жұмысшыларына қызмет көрсетеді.
Олар осы мақсатқа таңдап алынған бөлшек саудагерлерден
тауарларды жеңілдікпен сатып алады. Бейнемагнитофон алғысы
келетін тұтынушы тапсырыстар қызметінен арнайы бланкіні алып,
осы арқылы бөлшек саудагерге барып, тауарды жеңілдікпен сатып
алады. Осыдан кейін бөлшек саудагер тапсырыстар қызметіне
шағын комиссиялық ақшаны төлейді.
Бүгінде «əрбір есікке», əрбір мекемеге немесе сауда кездесулерін
үйде ұйымдастыру қағидасы бойынша жұмыс істейтін үйді-үйге
апарып сатумен 600-ден астам компания айналысады.
Үйді-үйге апарып сату қолайлылық жəне олардың тұлғасына
көңіл аудару тұрғысынан адамдардың мұқтаждықтарын толық
қанағаттандырады. Осындай жолмен сатылатын тауарлардың
бағасын арзан деуге болмайды, себебі үйді-үйге апарып сату,
жалға алу, жұмысты ұйымдастыру жəне сауда қызметкерін
ынталандыру бойынша шығындарды есептемегенде, қымбат шара
болып табылады (комивояжердің комиссиясы сату көлемінің 20%-
нан 50%-ына дейінгі мөлшерін құрайды).