А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет107/165
Дата15.11.2022
өлшемі2,27 Mb.
#50338
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   165
Байланысты:
Маркетинг

Тұтынушылық кооперативтер. Бұл — жеке меншік тұтыну-
шылардың иелігінде болатын бөлшек сауда бойынша кез келген 
фирма. Тұтынушылық кооперативтер белгілі бір қауымның 
тұрғындары жергілікті бөлшек саудагерлері тиісті қызмет көр-
сетпейді немесе бұл сатушылардың тауарлары тым қымбат
болмаса сапасы нашар тауарларды ұсынады деген пікірге келгенде 
пайда болады. Бұл жағдайда тұрғындар өз дүкендерін ашу үшін 
ақша жинап, оның қызмет ету қағидаларын бірлесіп анықтайды 
жəне басқару мүшелерін таңдайды. Дүкен төмен бағаларды орната 
алады немесе дағдылы бағалармен сатып, өздері жасаған сатып 
алулар көлеміне байланысты кооператив мүшелеріне дивидендтер 
төлеп отырады.
Артықшылықтарды ұстаушылар ұйымдары. Бұл — 
артықшылықтардың иесі (өндіруші, көтерме саудагер немесе 
қызметтер ұйымы болуы мүмкін) мен артықшылықты ұстау-
шылардың (осы артықшылық негізінде қызмет ететін, бір немесе 
жақын орналасқан бірнеше нүктелер жүйесіне құқықты сатып 
алатын тəуелсіз кəсіпкерлер) арасындағы келісім-шарттық бір-
лестік. Келісім-шарт қаржылық қатынастар тəртібін, сол сияқты 
артықшылық иесі мен артықшылықты ұстаушының міндеттерін 
қарастырады. Артықшылықты ұстаушы ұйымдардың басқа да 
келісім-шарттық бірлестіктерден (ерікті тораптар жəне бөлшек 
сауда кооперативтері) негізгі айырмашылығы, мұндай ұйымдардың 
негізінде белгілі бір ерекше тауар, ерекше қызмет түрі, кəсіпкерлік 
қызмет əдісі, саудалық атау, артықшылық иесінің беделі немесе 
патенті болады.
Бөлшек сауда конгломераттары. Бөлшек сауда конгломераты 
— бұл еркін формадағы корпорация. Ол бөлшек саудадағы əртүрлі 
бағыттағы жəне формадағы бірнеше кəсіпорынды бөлу жəне 
тарату функцияларын ішінара интеграциялап, біртұтас иелікке 
біріктіреді. 
6.4.7. Бөлшек саудагердің маркетингтік шешімдері
Енді бөлшек саудагер мақсатты нарыққа, тауар ассортиментіне, 
қызметтер кешеніне, бағаға, ынталандыруға жəне өзінің сауда 
кəсіпорны орналасатын жерге қатысты қабылдайтын маркетингтік 
шешімдерге тоқталамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет