А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы


 Тауар қозғалысының негізгі элементтері



Pdf көрінісі
бет75/165
Дата15.11.2022
өлшемі2,27 Mb.
#50338
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   165
Байланысты:
Маркетинг

6.1.1. Тауар қозғалысының негізгі элементтері
Тауар қозғалысы жүйесіне маркетингтің ішкі жəне сыртқы 
ортасына қатысты келесі элементтер жатады, ішкі орта элемент-
теріне: 
— сатып алушылардан алынған тапсырыстарды өңдеу;
— сыртқы жабдықтаушылардан жəне фирмалардың қоймала-
рына қосалқы бөлшек ретінде жөнелтілетін бұйымдарды бақылау;
— сатып алушылардың тапсырыстары бойынша тауар пар-
тияларын іріктеу, көлік тұрғысынан партияларды үйлесімді қа-
лыптастыру; 
— тауарды көлік қызметінің талабына сəйкес орау;
— кеден құжаттарын ресімдеу жəне сақтандыру;
— тиеу жəне жүк қозғалысын бақылау.
Сыртқы орта элементтеріне мыналар жатады: 
— тасымалдауды қамтамасыз ететін фирмалар (тасымал-
даушылар); 
— делдалдар жəне олардың қоймалары;
— өткізу торабы (дүкендер).
Тауар қозғалысының негізгі шығындары тасымалдауға, одан 
кейінгі тауарларды қоймалауға кететін шығындардан, тауарлы-
материалдық қорларды ұстаудан, тауарларды алу, тиеу мен буып-
түю, əкімшілік жəне тапсырысты өңдеу бойынша шығындарынан 
тұрады. Бүгінде жетекші өндіруші фирмаларын сату сомасының 
13,6 %-ға, ал аралық сауда фирмалары үшін 25,6 %-ға жететін 
тауар қозғалысын ұйымдастыруға кететін жалпы шығын көлемі 
алаңдатып отыр.
Тауар қозғалысы — бұл шығындардың көзі ғана емес, сұраныс-
ты жасаудың тұрақты құралы. Жүйені жетілдірудің есебінен үздік 
қызмет көрсетуді немесе бағаның төмендеуін ұсынуға болады. Осы 
арқылы қосымша клиенттерді тартуға мүмкіндік туады. 
Тауар қозғалысының каналын таңдау кезінде бірқатар негізгі 
факторларды ескеру қажет: 
— тұтынушылар (сипаттамалары — саны, шоғырлануы
орташа сатып алу көлемі; қажеттіліктер — дүкеннің орналасуы, 


126
127
жұмыс істеу уақыты, ассортимент, сауда қызметкерінің көмегі,
несие шарты; сегменттері — көлемі, сатып алуға қатысты мінез-
құлық);
6.1.1. сурет. Тауар қозғалысы элементтерінің ортақ пайызға 
қатысты үлесі
— компания (мақсаттар — бақылау, өткізу, кіріс, уақыт; 
ресурстар — деңгей, икемділік, қызмет көрсетуге байланысты 
қажеттіліктер; тəжірибе — тауар қозғалысының əдістері, өткізу 
жүйесіне қатынасы);
— тауар немесе қызмет (құны — бір бірліктің бағасы; қиынды-
ғы — техникалық жағы; сақталуы — сақтау мерзімі, тиеу жиілігі; 
көлемі — бір бірліктің салмағы, бөлінушілігі);
— бəсекелестік (сипаты — саны, шоғырлануы, ассортимент, 
тұтынушылар; тактика — тауар қозғалысының əдістері, өткізу 
жүйесіндегі өзара қатынасы);
— тауар қозғалысының каналдары (баламалар — тікелей, 
жанама; сипаттамасы — саны, атқаратын қызметтері, дəстүрлері;
қол жетімділігі — монополиялық келісімдер, аумақтың шектеулер; 
заңдық аспектілері — қолданыстағы заңдар, заң жобалары).
Фирма осы факторларды бағалау кезінде қолданылатын канал-
дың түрі, оны басқару немесе келісім-шарт бойынша қатынастар 
жасау, каналдың ұзындығы, қарқындылығы туралы шешім қа-
былдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет