А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2015. №4



Pdf көрінісі
бет10/18
Дата18.05.2023
өлшемі361,51 Kb.
#94586
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
тік тұрып қабыл алды [М.Әуезов. 20 томд. шығ.жинағ.5-том.33-б.]. Бұл мысалдағы 
орнынан тік тұрып қабыл алу – жоғарыда айтылғандай, келін тарапынан жасалатын 
амандасу және құрметтеу ишараты. Бұл ишараттардың бәрі де сәлемдесу ишаратының 
құрамында орындалатын, оны толыққанды ететін компоненттер. Бірақ орнынан тұрып 
сәлем ишаратын жасайтын тек әйелдер, келіндер ғана деп айтуға болмайды, өйткені бұл 
ишаратты ер адамдар да орындайды.


34
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2015. №4
Жас жігіттердің қыздарға ерекше құрметі орнынан тұрып сәлем беруі – тәрбие көрген, 
онда да қалаша тәрбие көрген адамның ишаратына жатады. Көзі ашық, оқыған, еуропалық 
тәрбие көрген жастар қыз-келіншектерге орнынан тұрып сәлем беру ишаратын жасап, 
оларды сыйлайтынын сездіреді: Қыздар кіргенде, Әбіш скрипкасын тоқтатып, жаңа 
келген сыпайы топқа тәрбиелі ілтипат білдірді. Орнынан тұрып, беті қып-қызыл боп ду 
ете түсіп, сәл бас ие, амандасқандай белгі етті [М.Әуезов. 20 томд. шығ. жинағы. 5-том. 
195-б.]. 
3. Кейде тізе бүгіп сәлем салуды жазушылар тізе бүгіп, иба көрсету//иба жасау деп 
жеткізеді. Тізе бүгіп иба жасаудың тізе бүгіп сәлем беру амалынан өзгешелігі жоқ. Бар 
қимылдар сол қалпында қайталанады: Сыртқа шыққан жігітке ілесіп, ізінше ақ жібек шар-
қаттары шұбалаған, бірі ақ құбаша, екіншісі қара сұр екі келіншек кіріп, үлкендерге тізе 
бүгіп, иба жасады [М.Есләмғалиұлы. Әйтеке би. 447-б.]. Даладан именіп, бір жағынан 
асыға кірген жас келіншек төрдегілерге, әсіресе көк ала сақал Досайға қарап иіліп сәлем 
берді де, шай демдеуге кірісті [С.Бақбергенов. Бөрте – Шыңғысханның жұбайы. 187-б.]. 
Мысалдағы иіліп сәлем беру кезінде әйел адам бүкіл денесімен алға еңкейе түсіп, артынша 
бойын тіктеп сәлем ишаратын жасайды. 
Келіннің сәлем беруін тізе бүгіп, ізет етті деп суреттеу де бар: Оның бұл қарасының 
мән-жайын ұққаны болар, бұл енесіне осымен әлденеше мәрте иіліп, тіпті тізесін бүгіп 
ізет етті [С.Бақбергенов. Бөрте – Шыңғысханның жұбайы. – 11-б.]. Әрине, бұл арадағы 
тізе бүгу сәлемнен гөрі сыйластықтың көрінісі.
4. Сол жақ тізесін бүгіп сәлем жасау: Рухия ұзын кірпігін көтермеген беті сол жақ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет