А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2015. №4


тізесін сәл бүгіп, сәлемдесу ишаратын



Pdf көрінісі
бет11/18
Дата18.05.2023
өлшемі361,51 Kb.
#94586
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
тізесін сәл бүгіп, сәлемдесу ишаратын жасады [М.Есләмғалиұлы. Әйтеке би. [41-бет]. Осы 
ишаратқа ұқсас амандасу кезінде орындалатын ишарат бас иіп сәлем беру немесе ишаратын 
жасау: Тек Құндыз бен бір топ қыздар ғана ханға иіліп сәлем берді [І.Есенберлин. Алтын 
Орда. 189-б.]. Бұл ишаратты орындағанда қыздар кірпіктерін көтермейді, мойындарын 
иіп, бастарын төмен қаратып ұстайды. 
5. Құдағилардың құшақтарын керіп құшақтасуы – қазақ әйелдерінің сәлемдесу 
барысында орындайтын ұлттық этикеттік әдет-ғұрыпты танытатын бейвербалды амалдары-
ның бірі. Бұл амалды орындаған кезде ерекше сыйластық сезіледі және үш рет орындалатын 
қимыл дүркінділігі орындаушылардың жегжаттыққа мойынсұнғанын көрсетеді, сөйтіп 
қазақ салтында айрықша мәнге ие ишарат түрі саналады. Құшақ керіп көрісудің астарында 
бір-біріне деген риясыз көңіл мен ниеттің ашықтығын білдіретін мағына жатыр:
– Құдағи! – деп жайраңдап күліп Жаниша келді. Қос құдағи әуелі қолдарын ұшынан 
ұстасып, құлаштарын екі жағына үш-үштен керіп барып құшақтасты [Ғ.Мүсірепов. 
Ұлпан]. 
Үш қайтара төс түйістіру де амандасудың салтанатты түрі саналады, салттық иша-
ратқа жатады. Алыстан келген ағайын ағайынмен амандасқанда немесе дәрежесі үлкен 
ұлық келген адамын сыйлайтынын, ерекше бағалайтынын білдіргенде орындалатын 
сәлемдесу ишараты. Құшақтарын жазып, бірінің басы екінші адамның оң жақ иығының 
үстіне келгенде қолдарымен бірінің арқасынан бірі құшақтайтын, екінші рет осы пози-
ция сол жаққа ауысуы арқылы орындалатын ишарат. Мұндай сәтте көздерінің ашық 
болуы, құшақтасқан сәтте алдарына қарап тұруы мүмкін және салтқа сай шаблон сөз-фор-
мулалар айтылып жатады. «Аман-есен жеттің бе?», «Ат-көлік аман ба?», «Бармысың, 
бауырым?», «Ел-жұрт, ағайын-тумаң есен бе?», «Есенсің бе, жарқыным» сияқты т.б. сөз-
формулалар айтылады. Бұл жөнінде А.Қобланова: «Амандасуда адресат жолдан келген 
адамға «Ат-көлік аман ба?», «Аман-есен жеттіңіз бе?» деген формулаларды қолданады», 
– деп көрсетеді [1,72-б.]. Ал сипатталған ишараттар осы сөз-формулаларға көмекші құрал 
есебінде жүреді. Бірақ кейде осы амалдар дәл амал орындалған сәтте ешқандай да сөз-
дің қатысынсыз, қоштауынсыз-ақ орындалады және адамдар сәлемдесу ишаратының 
орындалғанын сөзсіз-ақ түсінеді, тіпті осылайша сөздің айтылмауы ишаратты одан әрі 
экспрессивті ете түседі. Сөз-формулалар кейіннен, жайласып отырғаннан соң айтылып 


35 
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2015. №4
жатады. Мысалы: Үш қайтара төс түйістірген шах қолтығынан демеген күйі биді 
төрге оздырып, оң жағына жайғастырды [М.Есләмғалиұлы. Әйтеке би. 288-б.].
Жастардың үлкендерге берген сәлеміне байланысты орындалатын бейвербалды амал 
қолды кеудеге қойып, амандық ишаратын жасау. Мысалы: Екі жас «Ассалаумағалайкүм-
дерін» жарыстыра, оң қолдарын кеуделеріне басқан беттері босағада іркіле берген 
[М.Есләмғалиұлы. Әйтеке би. 381-б.]. Жастар рұқсат етілмей, яғни «Келіңдер, жоғарылаң-
дар!» деген сөздер айтылмай, сәлем қабылдап отырған адамның сәлемді қалай қабылдаға-
нын білмей тұрып, жоғары өтпейді. Жоғарыға бірден өтуге жас адамдарға тыйым бар, 
үлкендер отырғанда жастар төрге шықпайды, сондықтан бірден жоғарыға, төрге өтіп 
кетпеуі жастардың жасықтығын емес, үлкендерді сыйлайтынын, дәстүрді сақтайтынын 
көрсетеді. Оң қолын кеудеге басу да сәлемдесумен қатар құрмет көрсетуді, шын жүректен 
амандық тілеп тұрғандықты білдіретін ишарат. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет