А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2015. №4



Pdf көрінісі
бет12/18
Дата18.05.2023
өлшемі361,51 Kb.
#94586
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
Байланысты:
момынова

Жүрегін алақанымен басу – жасы үлкен адамға құрмет көрсетудің, оны қадір тұтатынын 
білдіретін, шын жүректен саулық тілеуді көрсететін ишарат. Оң қолды шынтақтан бүгіп, 
саусақтары толық жазылған алақанды көкірек тұсына қойған кезде басты иіп, көзді 
төмен салып орындайтын сәлемдесу ишаратының түрі: Қарт намазын оқып болды да, 
жайнамазын іліп, кей тұсының жүні түсіп, тықырланған қоңыр аю терісінің үстіне 
молдасоқына отырды. Заманбай десе дегендей, заманында болған адам екені көрініп 
тұр, қасқая түсіп отырысы тоқсандағы шалдай емес, әлі де ат үстінде тік отырып, ел 
аралап билік айтатын қуатты адамның кейпін танытқандай. Екі айырылып кеудесін 
жапқан бір қара қылтанақсыз аппақ күміс сақалы ғана ұзақ өмірдің, көне тіршіліктің 
белгісіндей. Ақан жүрек тұсын алақанымен басып, тәжім ете қол берді [С.Жүнісов. 
Ақан сері]. Тәжім ету амалының сипаты алдында айтылып өтті. Келтірілген мысалда да 
сондай бейвербалды амал орындалады.
Қалғандары қол қусырып жамырай сәлемдесті [М.Мағауин. Аласапыран.-71-б.]. Қол 
қусыру орындалған кезде адам басын иіңкіреп ұстайды, денесі де сәл бүгіледі, екі қолы да 
белдің, кіндіктің тұсына келгенде шынтақтан бүгіліп, сол қолының алақанының сыртынан 
оң қолының алақанымен баса ұстайды, бұл кезде сәлем беруші көзін жоғары көтермейді, 
төмен қарап тұрады. Дәрежесі биік, хан, сұлтандарға, жасы үлкендерге құрмет көрсете 
амандасу үлгісі, салттық, этикеттік ишаратқа жатады. 
Амандасқан кезде қол беру//ұсыну//алу арқылы орындалатын бейвербалды амалдар  ең 
жиі қолданылатын амалдардың түрлері. Қол ұсынудың өзі түрлі-түрлі ишараттық қалыпта 
өтеді және сол қалыптар барынша нақты вербалданады. Айталық, сәлемдесу қол беру, қос 
қолын ұсыну, қос қолдасып амандасу ишараттары арқылы жүзеге асады. Қол берген адамның 
тік тұрып, денесін тік ұстап қол беруі жасы кіші адам қолын ұсынғанда жасы үлкенінің 
жасайтын ишараты. Ал жасы үлкен адамға қол берген жасы кіші адам ұлы денесін сәл ең-
кейтіп, өзі қолын ұсынып тұрған адамының көзіне көзін қадап, амандасады. 
Ер адамдар бір-бірімен қол алысып амандасқанда, алақандарын кең ашып, қолдарын 
қатты қысысуға ұмтылады. Ал жаратпайтын адамы сәлемдесуге қолын ұсынғанда, сәлем 
алушы немқұрайдылығын бетін жартылай басқа жаққа бұру, тура қарамау және қолын 
бос немесе сылқ етікізіп ұсына салу арқылы сездіреді. 
Бірінші болып сәлем беру сәлемдесушілердің мәртебесіне, қоғамдағы орнына қарай 
орындалады. Алғашқы болып ылғи да жастар, дәрежесі, мәртебесі төмендер сәлем бе-
реді. Әрине сәлемдесудің жоғарыда айтылып кеткен қай түрі болмасын мұндай сәтте 
орындалады. Мысалы: Қасында он шақты ғана үлкен кісілер қалған екен. Пішіні суық, 
ызғарлы екен. Құнанбайдың сырт адыны осылай келетін. Соның домбытпа екенін білсе 
де, Сүйіндіктер әрқашан мұндай түстен ығыса жүретін. Бөкенші тобы бұрын сәлем берді 
[М.Әуезов. Шығ.20 томдығы. 3-том. 78-б.]. 
Аманддық білісуді көрісу деп те атайды. Алыстан ағайын келгенде, көптен күткен, сарыл-
ып тосқан жолаушы келгенде ет-жақындары, ағайын-туыстары, ауылдастары «көрісіп 
қайтады». Сәлем бере келгендер мен сәлемдесуге келген адамдардың құшақтасып, үш 


36
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2015. №4


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет