А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2015. №4



Pdf көрінісі
бет16/18
Дата18.05.2023
өлшемі361,51 Kb.
#94586
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
момынова

маралдай керіліп, оң қолын созды [Ә.Нұршайықов. Махаббат, қызық мол жылдар.19-б.]. Ер 
адамдар мен ер адам амандасқанда да бір-біріне қол созысады: Абайға да қолдарын созып
қошамет қып, ұлық тұтып өткізіп жатыр [М.Әуезов. 20 томдық шығ. жинағы. 5-том. 378-б.].
Амандасуды иек қағу арқылы ишаралау өте жиі кездесетіні байқалды. Қол беріп амандас-
ып жатып, өзін атап, таныстыру қазіргі кезде кең таралған. Әсіресе, қазіргі жастардың 
арасында көп кездеседі және ол әдеттің бұрыннан зиялы ортада қолданылғаны «Абай 
жолы» романында былайша берілген: Сол кезде Абай да салмақты сыпайылықпен, тәрбиелі 
адамның қозғалысын жасап бас иді:
 Здаравствуйте, Ваше превосходительство! – деді. Және ілесе жандаралдың қолын 
қысып, амандасып жатып – Ибрагим Кунанбаев! – деп, өзін атап таныстырды 
[М.Әуезов. 20 томд. шығ. жинағы. 5-том. 379-б.].
Амандасу кезінде тымақты кеудесіне басу да құрметтеу, құрақ ұшу белгісі: Ұлыққа ең 
алғаш қол созған болыс Керей – Рақыш еді. Ол шошақ төбе, қара елтірі тымағын кеудесі-
не басқан. Өзі жотасынан оқ тигендей, шұғыл бүгіліп, иіле қалыпты. Екі аяғы тыным 
таппай қозғалақтап, өбектеп кетті. Орта жасты адам болса да, әлі біткен кісідей. Буынын 
бекіте алмай қалбақтап құрақ ұшты. Бар аузына түскені «здрәсти, тақсыр!» деген сөз 
болды [М.Әуезов. 20 томдық шығ. жинағы. 5-том. 378-б.]. Осы мысалда коммуниканттардың 
әлеуметтік тұрғыдан тең еместігі амандасу кезіндегі дене қимылдарынан, ишараттарынан 
қатты байқалып тұр. 
Қол қысу. Амандасу үшін ұсынылған қолды сәлем алушының саусақтарын біріктіре 
ұстап, қысу қимылын жасауы. Ер адамдар қолды қатты қысса, әйелдер, қыздар жай ғана 
қысады. Қысудың еппен қысу, құшырлана қысу, ауырта қысу, жанын шығара ауырта 
қысу, жанын көзіне көрсете ауырта қысу деп сипатталатын түрлері бар: Қойшы не керек, 
сөйтіп мен қыздардың жұп-жұмсақ, ып-ыстық қолдарын ауыртып алмайын деп еппен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет