158
түрі.
Шығарманың мазмұны қай-қай түрде айтылса, сол
түрі шығару түрі деп айтылады. Шығарманың мазмұны төрт
түрде айтылады: 1)
жай сөйлеу түрде
; 2)
сөйлестірген түрде
;
3)
хат түрінде
; 4)
аралас түрде
.
М ы с а л:
1. Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре-тұра тексермедім.
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Бұл мақұрым қалмағыма кім жазалы,
Қолымды
дөп сермесем, өстер ме едім?
Адамның бір қызығы бала деген,
Баланы оқытуды жек көрмедім.
Баламды медресеге біл, деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.
Өзім де басқа шауып, төске өрледім,
Қазаққа қара сөзге дес бермедім.
Еңбегіңді
білерлік еш адам жоқ,
Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім.
2. Кебек: – Ассалаумағалейкүм! Кеш жарық! (төрге
шығады).
Ақан: – Аликсалам, е-е, жарқын, қай ұлсың? Танымадық
Кебек: – Ата, мен тобықты Тоқтамыстың інісімін. Атым
– Кебек болады (Еңлік қарайды).
Ақан: – Уа, тобықтының ер, азаматы аман ба? Елдерің
тыныштық па?
Кебек: – Шүкіршілік, аман, ата! (үй ішіндегілердің бәрімен
де амандасады. Біраз тым-тырыс).
Ақан: – Жарқын,
беймезгіл уақытта келдің, мына пісіп
тұрған дәмге риза боламысың, жоқ қайтадан қазан көтерсін
бе?
Кебек: – Осы да болады ғой, ата! Көтермей-ақ қойсын.
Ақан: – Өзің түнделетіп қайдан жүрсің, балам?
Кебек: – Бүгін бір аңшылық қыла шығып едім, әлгі бір әзірде
түлкінің
ізі кездесіп еді, аң көздің құрты ғой, күн батқанға
159
қарамай, соның ізіне түсіп, жаңа мына бір жердегі шатқалда
алғыздым. Соған алданып жатқанымда бұлыңғыр түсіп кеткен
екен, әйтеуір иттің дауысымен осында әрең жеттім.
Ақан: – Мақұл, балам. (айқайлап) Жапал, әй, Жапал!
Жапал (тыстан) – Ау, немене?
Ақан: – Қойды көңге қайырып қой, балам,
ығып кетіп
жүрмесін, боран болып, үйтсе-бүйтсе, мына қонағыңның атын
ыққа байлап қой, шарбақтың ішіне кіргізіп.
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
3. Үміт еткен көзімнің нұры балам,
Жаныңа жәрдем берсін Құдай Тағалам!
Атаң мұнда анаңмен есен-аман,
Сүйтіп сәлем жазады бүгін саған.
Атаңды сағындым деп асығарсың,
Сабаққа көңіл бөлсең басыларсың.
Ата-анаңды
өнер білсең асырарсың,
Надан боп білмей қалсаң аһ ұрарсың.
Шырағым, мұнда жүрсең не етер едің?
Қолыңа құрық алып кетер едің.
Тентіреп екі ауылдың ортасында
Жүргенмен не мұратқа жетер едің?!
Шығару түрі шығармаларда дәйім бірөңкей болып, осы
көрсеткен мысалдардағыдай кілең сөйлеу түрінде я кілең
сөйлестірген түрде яки кілең хат түрінде болып айтыла бер-
мейді. Көбінесе аралас түрде
айтылады, әсіресе сөйлеу мен
сөйлестірген түрлері аралас келіп отырады.
М ы с а л:
Достарыңызбен бөлісу: