А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет113/155
Дата08.11.2022
өлшемі1,7 Mb.
#48382
түріБағдарламасы
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   155
Байланысты:
Байтұрсынұлы І том

сынДАр ДәУір
Сындар дәуір деп – қазақ әдебиетінің сынды болған яғни сын 
арқылы шығып, әдеміленген мағыналы сөз: бір мағынасы сыны 
бар деген сөз болады да, екінші мағынасы мінсіз, толғаулы, си-
патты деген болады.
Бұл сөздің екі мағынасының екеуі де қазақ әдебиетінің соңғы 
кездегі жаңа дәуірін дұрыс сипаттайды. Сын тез құрылмай
әдебиет сөзі сындар болып (мінсіз болып) шыға алмайды. 
Қазақтың ауыз әдебиетін алсақ та, діндар дәуіріндегі әдебиетін 
алсақ та, қандай жақсы болғанмен, мінсіз сұлу болмайды. Бір 
жерінде сұлулығы қандай зор болса, екінші жерінде міні де 
сондай үлкен болады. Ақындығы қандай күшті болғанмен, 
айтылған екі дәуірдің ақындарының сөздерінде әдемілігінің 
жанында ат сүрінгендей міні тұрады. Олай болатынының түп 
себебі қазақтың ол кездегі ақындары асыл сөз немен асыл бо-
латынын ақындық сезімімен сезсе де, анық біліп жетпеген. 


324
Сондықтан сөзін мінсіз етіп шығара алмаған, тыңдаушысының 
да асыл сөз турасындағы білімі ақындардыкіндей болып, олар 
да ақын созін тексеріп, сынға сала алмаған. Асыл тас, асыл 
темір, асыл бұйым несімен асыл болатынын білмеген адам 
тастың, темірдің, бұйымның жақсысын тауып алуды білмейді. 
Сындар дәуірге дейін қазақ ақындары да, ақын сөзін тыңдайтын 
әлеуметі де сөз несімен асыл болатынын білмегендіктен, сөз 
бағасын көтере алмай, нарқын кеміткен.
Адамға өз бойындағы үйреншікті міні мін болып көрінбей, 
өз үйіндегі кемшіліктер кемшілік болып көрінбейді. Жұртқа 
да солай: салтындағы, қалпындағы, ғұрыптағы жаман әдет 
жамандық болып көрінбейді. Бойдағы мін бойында міні жоқ, 
біреуді көргенде байқалады, үйдегі кемшілік кемшілігі жоқ 
үйді көргеннен кейін көзге түседі. Жұрттағы жаман әдет басқа 
жұрттың жақсы әдетін көргеннен кейін білінеді.
Сондай-ақ, қазақ ақындарының өздерінің де, сөздерінің де 
міндері, кемшіліктері, жаман әдеттері өнерпаз Европа жұрты- 
ның сындар әдебиетін көргеннен кейін байқалып, көзге түскен. 
Сонан кейін ғана Европа әдебиетінен тұқым алып, қазақ 
әдебиетінің сүйегін асылдандырып, тұлғасын түзеушілер шыға 
бастаған. Қазақ әдебиетінің асылдануына әсіресе әсері күшті 
болған Абай сөздері. Абаймен қатар басқалар да шыққанмен, 
олар асыл сөздін жаңа сипатын Абайдай айқын көзге түсерлік 
етіп көрсете алғанжоқ. Сондықтан қазақ әдебиетінің сындар 
дәуірі Абай сөздерінен басталады.
Жоғарыда айтылған «сын арқылы шығып, әдеміленген» 
деген сөзді шығарған сөз біреудің сынына салынып, со-
нан кейін шыққан сөздер деп ұқпасқа керек. «Сын арқылы 
шығып» дегеніміз – шығарушы өзі жазушы, өзі сыншы болған 
уақытта шыққан деген мағынадағы сөз. Европа әдебиетімен 
танысқаннан кейін қазақ ақындары сөздің асыл болатын сырын 
біле бастайды. Сөздің ондай сырын білу – сын білу болады. 
Атсейіс аттың жүйрік болатын сырларын білгеннен кейін сын-
дарын біліп сынайтын болады. Сондай-ақ, сөздің асыл бола-
тын сырын білген адам сөзді сынай біледі. Сынай білетін адам 
жаза да білетін ақын болса, оның ақындық жағынан шығатын 
сөзі сеністік (сыншылық) жағының сынына түсіп, сын арқылы 
шығып отырады.


325
Жүйрік аттың белгілі сипаттары сияқты, асыл сөзде де бел-
гілі сипаттар болады. Сөз сол сипаттарын дұрыс көрсетумен 
асыл болып шығады. Мұнан асыл сөзді білетін адамның бәрі де 
сөз шығаратын ақын болады деп ойламасқа керек.
Асыл сөздің сипаттарын білумен адам ақын болмайды, бірақ 
ақын адам сөздің асыл болатын сипаттарын білсе, сөзін таза, 
мінсіз шығарады. Асыл сөздің сипаттарын білу тыңдаушыға да 
қажет. Абайдан кейін сөзге талғау кіреді. Айтушы да, тыңдаушы 
да сөзді талғайтын боды, олай болғаны – Абай асыл сөздің 
айқындап нұсқаларын көрсеткеннің үстіне, аз да болса асыл сөз 
сипаттарын айтып та жұртты хабардар қылды. Абайдың «Өлең 
– сөздің патшасы, сөз сарасы» деген өлеңінде жақсы өлеңнің 
сипаттары да, қазақ ақындары мен тыңдаушылардың жоғарыда 
айтылған асыл сөзді танымайтын надандықтары да айтылып, аз 
да болса мағлұмат берілген (Абайдың сол өлеңін оқу), сүйтіп, 
асыл сөздің сипаттарын білу жалғыз ақындарға емес, әр адамға 
керек. Жақсы сөздің сипаттарын білген адам сынай білмекші, 
сынай білуден сөз талғауы күшеймекші. Солай болған соң
асыл сөздің басты-басты сипаттарын білу сөйлеу жүйесінің ең 
керек бөлімінің бірі болады.
Қазақтың жазу әдебиеті басқалардікі сияқты айтылуынша 
бөлінеді деген едік, бірақ ол салалардың қандай тарау, тармақ 
иә бұтақтарға бөлінетінін айтқанымыз жоқ еді.
Енді сол айтылған үш салаға қоятын тарау, тармақ, бұтақтар 
сияқты, сөздердің түрлерін көрсетіп, әрқайсысын керек орнын-
да белгілі сипаттарымен әліптеп өтейік.
Ескерту: қазақтың сындар әдебиеті Европа үлгісімен келе 
жатыр және сол бетімен баратындығы да байқалады. Евро-
па әдебиетіндегі сөз түрлері бізде әлі түгенделіп жеткен жоқ. 
Бірақ қазір болмағанмен, ілгеріде болуға ықтимал. Сондықтан 
сындар дәуірдегі сөз түрлерін жүйелеп тәртіптегенде, Европа 
әдебиетінің бізге келіп жетпеген түрлерін де өзіне тиісті орын-
дарында атап отеміз. Солай еткенде дарынды сөз табына жата-
тын сөздің түрлері мынау болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет