А. Байтурсынов 1-том final indd


Мезгеу Бір ұғым орнына екінші бір ұғым айтылуы мезгеу



Pdf көрінісі
бет59/155
Дата08.11.2022
өлшемі1,7 Mb.
#48382
түріБағдарламасы
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   155
Байланысты:
Байтұрсынұлы І том

Мезгеу
Бір ұғым орнына екінші бір ұғым айтылуы мезгеу болады. 
Мезгеу мынадан шығады:
1 Ана ауылға Омар, Оспан, Асан, Үсен келді деудің орнына 
ана ауылға Омарлар келді дейміз. Омарлар келді деуіміз мезгеу 
болады.
2 Үй кімдікі екенін ұмытпа, үйге қара деудің орнына 
шаңыраққа қара дейміз. Шаңырақ мезгеу болады.
3 Осы ауылдың адамдары жүдеу екен деудің орнына осы 
ауылдың адамы жүдеу екен дейміз. Адамы мезгеу болады.
4 Абайдай ақын қазақтан туа бермейді ғой деудің орнына 
Абайлардай ақын қазақтан туа бермейді ғой дейміз. Мұнда 
Абайлар мезгеу болады.
5 Отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге жайылады дейміз. 
Отыз тістен шыққан сөз отыз емес, қырық рулы яки жиырма 
рулы елге жайылатын шығар, біз білмейміз. Отыз деп кесіп ай-
туымыз мезгеу болады.
Мезгеумен айтылған сөз жай айтылған сөзден жинақы, ширақ 
келеді, сондықтан мезгеу ақындар сөзінде көп ұшырайды.


185
1. Ант ішкен күнде берген жаны құрсын!
Арын сатып, тіленген малы құрсын.
Қысқа күнде қырық жерге қойма қойып,
Қу тілмен қулық сауған заңы құрсын!
 (Абай)
2. Кім біліп, ер еңбегін сезіп жатыр,
Кім шыдап жолдастыққа төзіп жатыр.
Сасық ми, сасық жүрек санасыздар
Алаңсыз ақ малтасын езіп жатыр.
 (Маса)
3. Болған соң ағаң болыс, ендігің не?
Таласып мен болам деу кемдігің де.
Сөзімді достық білмей, қастық білсең,
Қаларсың Алтынбектің түндігінде.
 (Бұдабай ақын)
4. Түрленіп жиырмада кидім киім,
Түсірдім атын ұстап, мырза-бидің.
Көрінсе қайда жақсы өзімсінген,
Келсейші, қайта айналып жігіт күйім.
 (Наурызбай би)
5. Жау жоғары, біз төмен,
Жеткен екен қамалға.
Наурызбай сынды сұр перен.
 (Нысанбай жырау)
6. Қайырсыз толып жатыр Қарынбайлар,
Қолы ашық аз табылар Атымтайлар.
Ат майын ағайынға берер ме екен?
Ат аяп, тайын мініп жүрген байлар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет