А. Балабаева


УАҚЫТ РЕТТІЛІГІН, ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫН БІЛДІРЕТІН ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ



бет40/48
Дата21.10.2023
өлшемі147,76 Kb.
#120164
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   48





УАҚЫТ РЕТТІЛІГІН, ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫН БІЛДІРЕТІН ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Балаларда уақыт және оның реттілігі туралы жұмыстар жүйелі жүргізілмеген жағдайда нақты уақыт сезімдері қалыптас-пайды деп тұжырым жасауға болады.


Балаларға бір минут- 60 секундтан тұратыны туралы айта келсек, «Секунд дегеніміз өте аз», мысалы, «бір»-дегенде-секунд өтеді де шығады, ал минуттың ішінде осындай 60 секунд болады деп түсіндіру қажет секундомер арқылы 1 минутта 60 секунд болатындығын көрсетіп, санатады. ”Секундомер” құралымен та-ныстырып, осы сөзді айтқызып үйретеді. Секундомерді көрсете отырып, оның стрелкасының (тілше) шеңбер бітімен қозғалу бағытын көрсетіп, шеңберді бір жүріп өтуі – 1 минутқа тең екенін түсіндіреді. Балалар бір минутты секундомердің көмегімен не құмсағаттың көмегімен анықтауға болатынын үйренеді.
Құмсағатты үстелге қойып 1 минутта не әрекет жасап үй-ренуге болатынын сұрайды. Ол үшін балалардың түрлі әрекеттерін сұрап көріп, ұйымдастырады.
Мысалы:
1.Таяқшалардың көмегімен 1 минут ішінде өрнектер құрас-тырады, құмсағат арқылы уақыт қадағаланады.
Құмсағат біткен кезде балалар әрекеттерін доғарып, не істеп үлгергендерін қадағалайды.
Құмсағаттар уақытты өлшеу үшін ең қолайлы әрі қажетті құралдардың бірі болып саналады, ол минуттың өтуін бақылауға мүмкіндік береді. Балондағы құмды қарай отырып, бала қанша уақыт өткенін, енді қанша уақыт қалғандығын қадағалай алады. Құмсағаттар уақыттың өтуіне сандық мән қоймайды әрі өте ың-ғайлы көрнекі. Уақыт ұғымдарын қалыптастыру барысында ересек адам қажетті уақыт аралығының басталғандығын және аяқтал-ғанын хабарлап тұруы міндетті емес. Балалар өздері уақытты есептеп, реттелуі уақытқа бейімделулері тиіс.
Балалар мен ересектердің өмірінің, бүкіл тәртібі болады уақытқа тән сезімдерді қалыптастыруға және соған сәйкес кеш, ерте, қазір, кейін деген сөздерді пайдалана білуге алғышарттар болып табылады. Уақытты білдіретін бұл сөздің сәби жастан мек-теп жасына дейінгі аралықта баланың адамдармен қарым-қаты-насы мен әрекеті процесінде күшті қарқынмен өседі. Бала кеше, бүгін, ертең деген сөздердің мәніне қызыға бастайды, мұның өзі ересек адамның балаға уақыттың өтпелілігін, ұзақтығын, кезеңді-лігін таныстыруға әсер етеді.
Сонымен, балаларда уақыт сезімін жетілдірудің басты мақ-саты - уақыт аралықтарының ұзақтығымен іс жүзінде таныстыра отырып, осы уақыт аралықтарының бірінде не істеуге болатынын анықтай білуге үйрету.
Уақыт ұғымдарын бекіту үшін күнделікті оқу-тәрбие шара-лары барысында балалар сабақты, үй жұмысын, ойынды бөлінген мерзім ішінде істеп үлгеруге дағдыланулары керек. Балалар үсті-міздегі айдың атын білуі тиіс.
Сонымен қатар жыл мезгілдерінің, апта, күндерінің, тәулік бөліктерінің ретін білулері керек.
Балаларға уақыт ұғымдарын қалыптастыру мына жүйе ар-қылы жүзеге асырылады.

  1. Оқу материалы қажеті, белгіленген жүйе арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

  2. Нақты көрнекіліктер мен символдардың көмегі арқылы балалардың уақыт ұғымдары нақтылана түседі.

  3. Уақытты бағдарлауға арналған көрнекіліктер жәрдемі арқылы уақыт реттілігін ұғына бастайды.

  4. Кейін көрнекіліктердің көмегінсіз, ауызша нұсқаулар арқылы уақытты бағдарлай бастайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет