А. Балабаева


Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар



бет41/48
Дата21.10.2023
өлшемі147,76 Kb.
#120164
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   48
Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Уақыт және оның реттілігіне сипаттама беру.
2.Уақыт реттілігі және балалардың танымдық ерекшеліктерін талдау.
3. Уақыт және оның реттілігі. Реферат жазу.
4. Уақыт реттілігі және балалардың танымдық ерекшеліктеріне сипаттама беру.
5. Уақытты бағдарлануға арналған жаттығуларды орындау.


ОЙЫН-ЖАТТЫҒУЛАР АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ ОЙ ТАНЫМ ДЕҢГЕЙЛЕРІНІҢ ДАМУЫН АНЫҚТАУ

Мектеп жасына дейінгі ересектер тобындағы балалардың ой-өрісін қызықты математикалық есептерді шешуге даярлау.


Балалардың ой -өрісін дамытудағы қызықты математиканың атқаратын ролі.
Есепті шешу ой-өрістің жетілуіндегі балалардың білімін есептік қиялын, уақыт өлшеміндегі ойлану тәсілін жетілдіреді. Бұл үшін бірнеше тәсіл пайдаланылады, мысалы әртүрлі ойындар.
Қызықты математика дегеніміз - білім жетілдірудің бір тә-сілі, математикалық ілімдерді балаларға ұғындырады. Оның құрамына қызықты сұрақтар, күлдіргі есептер, ойындар, шытыр-ман, логикалық есептер жатады. Қолданбалы есеп, басқатырғы ойлау қабілеті заңдылығына байланысты жасалады. Басқатырғыны шешуді толық қорытындылау, есептеудің ерекшелігін білдіреді. Басқатырғыны шешу оны толық түсінгеннен және оны қорытын-дылау жағдайында болады.
Психолог, Я.А.Пономарев, В.А.Крутецкий, Б.А.Кордемский, А. Насыров балалардың ойлау қабілетін жетілдірудегі есеп-қисаптарды тапты.
Б.А. Кордемский болжауынша ой есебі балалардың ойлау қабілетін жетілдіреді: математикалық белсенділікті, сезімталдық-ты, ойлау қабілетін, сезімтал шексіз ойлау қабілетін. Ой есебі балаларды қандай жағдайда болмасын өз бетінше шешуге үйре-теді. Ой есебін балалардың шешуі жаңа жағдайларды ойлауымен келеді. Бұл жағдай балалардың мінез-құлқына байланысты.
Тәжірбие жүзінде табу үшін әр түрлі амал қажет. Көп бала-лар жасына байланысты ойлау қабілеті, есепті шешуі әр түрлі жағдайда болады. Оқытудың әсерінен олардың ой жүйесі жетіледі.
Тапсырмаларды табу, шешудің ережесі: болжау, амалды табу жолын білдіреді. Болжау балалардың ойлау қабілетінің жетілгенін және сезімталдығын арттырады. Белсенділік еңбектенудің ерекше түрі шешімділік болып табылады. Ол қорытындыда салыстыру, араласу, байланыстыру, қорытындылау, шешім қабылдауда, ой тұжырымдауда білінеді.
Қабілеттіліктің пайда болуы ойлай білу жағдайына байла-нысты, ара қатынасы тұрақтандырады, негізінде жағдайды бол-жау тұрақтанады, тұжырымдалады. Сезімталдық білімділікті таны-тады.
Балаларда пайда болған қабілеттілік, сезімталдық, есеп шешудегі қабілеттіліктің артуы, амалдарды білуінің қортынды-сының негізгі принципі түсіну барысында жай амалды шешу одан әрі күрделілерді шешуге ұмтылдырады. Қолданбалы есепті пай-далану балаларды өз бетінше жұмыс істеуге ұмтылдырады.
Есепті шешкен баланың, ойлау қабілеті өз бетінше, дұрыс болжай білуге көмектеседі, яғни қарапайым математикалы қолдан-балы ойындар, балалардың есепке деген қабілеттілігін ары қарай жетілдіруге, ойлау қабілетін арттыруға, сезімталдыққа үйретеді.
Жас баланың ойлау қабілетін дамытып жетілдіру үшін ма-тематикалық амалдарды шешу және де логикалық есеп ойындар қолданылады. Бұл логикалық есептер ойындар арқылы жалпы логика, есептеу, ойлау сөздері жас баланың түсінігін арттырып, амалдарды шешуге көмегін тигізеді. Мысалы, балаларға «басқа-тырғыш» шешу үшін оның берілгенін оқып логикалық қабілеті арқылы сол «басқатырғышты» шешуі қажет. Сондықтан сол басқа-тырғыштың берілгенін жақсылап талқылап, ойланып шешуі қажет.
Я.А.Пономарев, В.А.Крутецский, Б.А.Кордемский, А.Насыров сияқты еліміздің атақты ғалымдары, психологтары қызықты күлкілі есеп амалдары жас жетіліп келе жатқан баланың ой қабілетінің дамуына әсерін тигізетінін зерттеп тапқан. Өйткені күлкілі есеп амалдар жас балаларды өзінің қызықтылығымен, баланың бұл амалды өзі шешу құмарлығын арттырып тұрады. Тағы да мұндай күлкілі есеп амалдарды шығаруда бала өзінің іздену, талпыну қасиеттерін дамытып жетілдіреді. Балалар мұндай есептерді әр түрлі жолмен шешеді. Бірі практикалық жолмен, екіншісі іздену, талпыну арқылы немесе логикалық түрде ойлау. Осындай есептер нәтижесінде баланың ойлау қабілеті жоғарылап ол қиынырақ есептерді шығаруға кіріседі. Ал есеп қиындаған сайын бала өзінің тапқырлығының дамуын сезеді. Жалпы айтқанда математикалық есептерді шешу баланың дербес өсуіне ықпалын тигізеді.
Сонымен, математикалық амалдар, қызықты күлкілі есеп , логикалық сұрақтар баланың келешекте математика пәнін толық игеруге құмарлығын туғызады.
Баланың математикалық есеп амалдарды шешу нәтижесінде ақылды ой-өрісі, жетілген дербес, қоршаған ортада өзін-өзі ұстай алатын адам болып қалыптасуына үлесін тигізеді.
Балалардың ойлау қабілетілігі екі түрлі: білімділігі және ойлау қабілеттілігін тұжырымдай білуі.
Ойлау қабілеттілігін пайдалануы практикалық және теория-лық болады. Практикалық жолы бір жағдайды бірнеше рет қай-талаудын болады. Бұл жағдайда ойлау қабілеттілік көлеңкелі, негізгі амал ойлау қабілеттілікте.
Теориялық жолы бұл жолы ойлау қабілеттілік негізгі амалды білуден оқушы өзін өзі игере білуінен көрінеді. Барлық тапсыр-мада мектеп жасына дейінгілер соңғы шешімге бағытталған, шешім қабылдауында өз тәсілімен орындалуында. Бұл түсінік-темеде бір жағынан балалардың жас ерекшелік психикасына екін-ші жағынан оқу қабілеттілігінің тұрақсыздығынан. Баланың ойлау қабілеттілігін арттырып оқыту үшін олрды белгілі бір тапсырманы шешуді сездіру қажет. Бұл жағдайда баланың оқу қабілеттілігінің тұрақтануы мүмкін. Жағдайды болжай білу баланың соңғы шешім қабылдауына көмектеседі. Яғни, бұлай оқыту мектеп жасына дейінгі балаларды есеп шешудегі ойлау қабілеттілігін жетілдіруге септігін тигізеді. Қолданбалы есептік амалдар ойлау қабілеттілігін арттырады.
Әрбір амалдың шешуі жай амал болса, да белгісіз амалды шешумен беруге болмайды. Шешуін табудың барлық жағдайда, ойлау қабілетінде болуы шарт: қорытындылау, тұрған орны, фи-гураларды пайдалану, құрамында, орындалуы жолында. Қолдан-балы математиканың бір түрі ретінде амалдарды, ойлау қабілетін арттыру үшін ойлау есептерін және де мысалдарды пайдаланымыз. Ойлау амалдары көп. Олар ойлау қабілетін арттыруға бағытталған салынған суретті құрау, түр түсіне байланысты, қателікті табу, әңгімелесу арқылы шешу.т.б. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуда өте көп қолданылатын, ой амалдары жетпейтін фигураны табу, бір фигураны екіншісінен ажырату. Шешім қабылдауда толық білінетін жағдай ойлау қабілеттілігі: салыстыру, біріктіру, алмастыру.
Жетпейтін фигураларды қатарымен табу қарапайым, сон-дықтан оларды алдымен мектеп жасына дейінгі ересек балаларға пайдалану қажет. Балаларға көлденең қатарда суреттерді көрсетіп, сол фигураларды төменгі нөмерліп қойған қатарлы суреттің ішіндегі керектісін табу қажет. Топтағы балаларға үлкен параққа тапсырманы суретін көшіріп салу арқылы үйрету қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет