А. Балабаева


Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар



бет42/48
Дата21.10.2023
өлшемі147,76 Kb.
#120164
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   48
Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Ойын жаттығуларының құрылымына сипаттама беру.

  2. Жас ерекшелігіне сай топтардағы ойын жаттығуларының ерекшеліктерін талқылау.

  3. Ойын жаттығуларының құрылымы тақырыбына реферат жазу.

  4. Жас ерекшелігіне сай топтардағы ойын жаттығуларының ерекшеліктеріне сипаттама беру.

  5. Ойын жаттығуларының түрлері. Көрнекіліктер жасау.

ИНТЕНСИВТІ ОҚЫТУ МАҚСАТЫНДА КОМПЬЮТЕРЛІК СУРЕТТЕРДІ, СЫЗБАЛАРҒА ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Компьютерлік ойындармен жұмыс жасамас бұрын компью-тердің өзімен баланы таныстыру, оның негізгі бөліктерімен, бел-гілермен, қолдану тәсілдерімен таныстыру керек.


Компьютерлік ойын-сабақтың құрылысы:
-Түсіндіруден-бұл кіріспе бөлім болып табылады.
-Компьютерлік ойындар ойнату-негізгі бөлім.
-Ойынды талдау, нәтижесін қорытындылау, яғни соңғы бө-лім ширату сәтінен тұрады.
Компьютерлік ойындардың ұзақтығы10 -15 минуттан аспауы керек. Бұл берілген уақыт балалардың зейіндерін игеру, бір мақ-сатқа шоғырлану мүмкіндігі болып саналады. Егер осы белгі-ленген уақыттан асып кеткен жағдайда баланың шаршап, тежелу процесіне әкеліп соғады, олар ойынның бас кезінде жібермеген қа-телерін жасауына әкеліп соғады. Сондықтан да көзделген нәти-жеге жету үшін уақыт шегінен аспау міндеттті.
Компьютерлік ойын-сабақты ұйымдастыру мен оның құры-лысы:

  1. 5-7 жастағы балалар айналысу керек.

  2. Жалпы сабақтың ұзақтығы 30-35 минут болса, оның ішінде компьютерлік ойындардың ұзақтығы 10 минуттан аспауы тиіс.

  3. Сабақ өту жиілігі-аптасына 1-2 реттен болу керек.

  4. Әрбір сабақ міндетті түрде өтіледі.

а) Баланы психологиялық дамыту мақсатында түрлі-түсті көрнекі материалдар қолдану тапсырылады.
ә) Оқыту мақсатындағы дамытушылық тапсырмалардан құ-ралған компьютерлік ойындар.
б) Гелаксация
Компьютерлік ойындарды зерттеулерде әр бағытта топта-малар құрылған. Американдық педагог С.Пейперттің «Сана төң-керісі – балалар, компьютер және игілікті ойлар» М., 1989 атты еңбегіндегі негізгі ұстанымы сызбалық нысананы басқару болып табылады. Нақтырақ айтсақ үй, ағаш, гүл, ұшақ, т.б. әр түрлі зат-тардың суретін салу. Мұнда мектеп жасына дейінгі балалар түсіні-гіне сәйкес тапсырмалар орындалады: алға, артқа, солға, оңға, ор-таға, бейнені өшіру. Бұл әдістеменің дәстүрлі әдістемелерден ерекшелігі: бала өз ісінің нәтижесін бірден көреді, оны дер кезінде түзетуге мүмкіндік алады, қате жіберіп алмауға тырысады. Форма, кілем, түс деген сияқты ұғымдар қалыптасады, бейнелік ойлау, елестету қабілеттері мен зейінін шоғырландыра білу және есте сақтау қабілеті артады.
С.Пейперттің еңбегіне сүйеніп, көптеген зерттеушілер жаңа үлгілер жасаған (Ю.Горвиц, А.Горячев, А.Дуванов, Д.Зарецский, Ю.Первин т.б.). Зерттеуші Б.Хантер АҚШ-та кең көлемді тәжірибе жасаған және оның «Оқушылар компьютерде жұмыс істейді» М., 1989. – деген еңбегі бар. Ол тәжірибеде 400 компьютермен жұмыс істеген, мектеп оқушыларымен, мектеп жасына дейінгі балалармен зерттеу жүргізген. Негізгі мақсаты – есептеуіш машиналармен жұмыс істей білуге үйрету.
Мектеп жасына дейінгі оқыту-тәрбиелеуде компьютерді қолдану қазіргі кездегі мультимедиялық компьютер арқылы жүзе-ге асып отыр. Олар мына ақпараттарды қамтиды:
Мультимедиа – қазіргі уақыттағы компьютерлік ойындардың негізгі белгісі болып табылады. Осы жерде мынадай өзекті сұрақ туындайды, қандай компьютерлік ойындар баланы дамытады, оның ішінде қандай ойын түрлері ғылыми дәлелденген, бағалы болып есептеледі. Ең алдымен балаға беріліп отырған ойынның қандай тәрбиелік және дамытушылық мәні бар деген мәселе бірінші кезекте тұру керек.
Математика баланың интеллектуалдық дамуында ерекше орында тұруы керек, осының негізінде оқыту баланы қарапайым математикалық сараптау, талдау, ойлауын дамыту мәселелері айқындалады. Баланың математикалық ең алғашқы баспалдағына аяқ басқан ұғымы – сан және санау, жиын. Бала дамуына ба-ғыттала берілген материал 3 кезеңді қамтиды:
1- кезең – 3-4,5 жас аралығында санау туралы түсініктері, оған дейінгі іс-әрекеттері: заттың ұзындығын анықтау, салыстыру, топтастыра білу.
2-кезең – 4,5-5,5 жас аралығы. Өлшем арқылы қарапайым математикалық түсініктері қалыптасады.
3-кезең – 5,5-7 жас. Біліктерінің сандық сапасына мән беру, оларға амалдар қолдана білу.
Ал, компьютерлік ойындарды баланың қарапайым матема-тикалық түсініктерін қалыптастыруда қолданудың маңызы – олар-дың психикалық таным процестерін дамытуда: зейіні, қабылдауы, түсінуі, ойлауы т.б. математикалық бейнелік объектілерін орна-ластыра білу, құрастыру әрекетін, ақыл-ойын дамыту, қолдың, саусақтардың моторикалық дұрыс дамуына ықпал ету.
Компьютерлік ойындарды келесі үлгіде жіктеуге болады:

  • Ойлау операцияларының дамуына әсер ететін ойындар.

  • Қоршаған орта туралы түсініктерін дамытушы ойындар.

  • Математикалық түсініктерін қалыптастырушы ойындар.

  • Сауат ашуға ықпал етуші ойындар.

  • Зейіні мен есте сақтауына арналған ойындар.

  • Шығармашылықпен бейнелеу, құрастыруға арналған ойындар.

  • Қабылдауының дамуына әсер етуші ойындар.

  • Кеңістік пен уақытты бағдарлауға үйрететін ойындар.

Алайда, қазіргі кездегі компьютерлік ойынның көптүрлі-лігіне байланысты баланың дамуына, дұрыс нәтижеге жетуіне осы ойын түрлерін дұрыс таңдай білу үлкен роль атқарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет