А. Балабаева



бет43/48
Дата21.10.2023
өлшемі147,76 Kb.
#120164
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Стратегиялық ойын
Бұл ойынның мақсаты – басқару, жоспарлай білу, қарсы жаққа шабуылдау арқылы жеңіске жету. Ол баланың жоспарлай білу дағдысын, жан-жақты ойлауын дамытады.


Аркад ойыны
Бір көріністен жеңу арқылы екініші көрініске көшіп отыру. Бұл ойын көздеу, зейін, зеректік қабілетін, жылдамдыққа үйретеді.


Рөлдік ойындар
Аты айтып тұрғандай, рөлдерге бөлініп ойнау. Мақсаты белгілі кейіпкердің өз орнын табуға, беріліп іздеуге бағытталады.


Логикалық ойындар
Балалардың көпшілігі басқатырғыш ойындарға әуес келеді. Балада санай білуге, оқуға, логикалық ойлау, шешімін іздеуге үйрету – осы ойынның маңыздылығы болып табылады.
Осы ойындарды басқа көптеген түрлерін айта беруге болады. Алайда, ойынның бір түрі келесі біреуінен артық деп кесімді айтуға болмайды. Әр ойынның өз ерекшелігі, өз мазмұны бар.
Ең маңызды мәселе – баланың ойынға қатынасы. Көптеген компьютерлік ойындардың артықшылығы – балалда шығарма-шылық қабілетін дамыту, зерттеушілік іс-әрекетін қалыптастыру: байқап кіру, тексеру, нақтылау, шешім қабылдау, іс-әрекетін түзете білу т.б.
Қорыта келгенде мынадай тұжырым жасауға болады:

  • Сабақ ойын түрінде өтілуі керек.

  • Ойын барысы эмоциялы көңіл-күйде жүргізілуі тиіс, ол балада қызығушылығын ғана емес, қуаныш сезімін де оятады.

  • Баланың психикалық қабілеттерін ескеру маңызды.

  • Баланы дәстүрлі және инновациялық тұрғыда дамыту жолдарын білу қажет.

  • Баланың нәтижеге жеткеннен кейінгі өзін-өзі бағалау қабілетін бақылап отыру керек.

  • Қарапайымнан күрделіге қарай, жүйелі түрде әр кезеңмен жұмыс түрін сапаландыру.

  • Баланың жеткен жетістігіне қуану, ризалық білдіруді ұмытпаған жөн.

  • Баламен бірге отырып мақсатқа жетуді көздеу керек.

  • Мектепке дейінгі мекеменің барлық қызметкерлермен, ата-анасынан бастап дәрігерге дейін ойын мазмұнына, мақсатына бірігіп іс-әрекет жасауға тарту.

Балаларды қарапайым математикалық түсініктерін қалыптас-тыруға компьютерлік ойындарды қолдануға педагогқа қойылатын негізгі талаптар.

  • Ақпарат ала білу.

  • Алынған ақпаратты дұрыс талдау білу.

  • Шешім қабылдау және болжам жасау.

  • Тексеру экспериментті жүргізе білу.

  • Жоспарлай білу.

Қарастырылған зерттеулерді талдай келе мынадай шешім қабылдауға болады:
Компьютерлік ойындарды қолдану балалардың көзделген мақсатқа жетуін және қызығушылығын оятады.
Компьютермен жұмыс кезінде эмоциялық әсері туындайды. Жағымды ықпал ету кезеңінде балада психологиялық даму процесі жүзеге асады.
Компьютерлік ойындар баланың білімді игеруіне, жаңа бі-лімді қабылдауға, дәл анық нәтижесін көруге әсер етеді. Баланың интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет