287
Компьютерлік ойындар-ойын барысында болатын нәтиже арқылы алға мақсатқа жету,
интеллектуалдық тапсырмаларды түсінуіне, өз бетінше ойлау қасиеттерін дамытуға арналған
таптырмас ойындар. Бірақ презентацияны дайындау үшін уақыт қана емес, сонымен қатар
ақпарат қажет. Бұл жағдайда маған көмекке ата-аналар келеді. Ата-аналардың тапқан
қызықты ақпараттары арқылы презентацяимызды толықтырамыз.
Ақпараттық технологиялар ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдетіп қана қоймайды,
вариативті оқу іс-әрекетінің мүмкіндіктерін ашады, оны дараландырады және саралайды,
сонымен қатар оқу процесін жаңа, заманауи деңгейде ұйымдастыруға, оны балалар белсенді
және тең құқылы мүше болатындай етіп құруға мүмкіндік береді. «Мамандықты тап»
компьютерлік ойыны. Бұл ойында экран шетінде жұмбақ жасырылады. Ол жұмбақты педагог
оқып, тұрған үш маман иесінің қай маман иесі екенін сұрайды. Бұл ойын балалармен жеке
жұмыс жүргізу барысында қолданылды. Power Point бағдаламасы арқылы слайд шоулар
жасап дайындаймыз. Онда тақырыпқа байланысты кестелер, суреттер, диаграммалар болады.
Жасалған презентацияларымда мен кестелер, схемалар, электрондық ойындар түрінде
көрнекіліктің әртүрлі формаларын қолданамын, балаларға олардың кейбірін жетіспейтін
бөліктердің бірін толықтыруды немесе құруды ұсынамын. Презентацияда диаграммалар,
кестелер құру уақытты үнемдеуге, оқу материалын эстетикалық тұрғыдан безендіруге
мүмкіндік береді. Сөзжұмбақтарды қолдану, иллюстрациялар, сызбалар, ойын-сауық
қызығушылықты арттырады, оқу қызметін қызықты етеді. Бұл АКТ маған балалармен бірге
басқа әлемге енуге, тілдік процестерді басқа көзбен көруге, олардың қатысушылары болуға
мүмкіндік берді [4, 5 б.].
Сонымен қатар аудио және бейнежазбалар да тақырыпты түсіндіруге көмекке келетін
тәсілдердің бірі. Кейде ғаламтор желісінен балаларға арналған қызықты бейнежазбаларды
тауып аламын. Соларды тақырыпты ашу үшін қолданып жатамын.
Компьютерді оқу процесіне енгізу дәстүрлі әдіске қарағанда тестілік бақылауды тезірек және
объективті жүргізу және білім алушылардың білімі мен надандығын анықтау мүмкіндігін
болжайды. Мен оқу процесін ұйымдастырудың бұл әдісі балалардың білімін бағалау үшін
қаншалықты ыңғайлы және қарапайым екеніне көз жеткіздім. Мен тексеру карталарын
қолданамын. Карточкалар материалдың біртіндеп күрделену принципіне негізделген.
Карточкалар олардың қабілеттері мен мүмкіндіктерін, әртүрлі дайындық деңгейлерін
пайдалануға мүмкіндік береді. Тексеру карталарымен оқу процесінің кез-келген кезеңінде
жұмыс істеуге болады. Олар маған уақытты үнемдеуге және көптеген оқушыларға сауалнама
жүргізуге мүмкіндік береді.
АКТ қолдану жоғары және тұрақты нәтижелерге қол жеткізуге көмектеседі.
Осылайша, мен зерттеу жұмысын жүргіздім. Ақпараттық технологияларды пайдаланғаннан
бері балалардың білім сапасы жақсарды, логикалық ойлау қабілеттері дами түсті, тәртіп
сақтау дағдылары қалыптасып, есте сақтау қабілеттері артты. Бұл технологияны қолдану
барысында баланың ой-өрісі дамып, көңіл-күйлері жақсы болады. ең бастысы ойын баласы
жалықпайды.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, білім сапасын арттыруға тек
компьютермен мақсатты, ойластырылған жұмыс әсер етуі мүмкін деген қорытынды жасауға
болады.
Ақпараттық технологияларды күнделікті қолдану мүмкін емес. Себебі гаджеттер педагогты
алмастыра алмайтыны сөзсіз. Алайда оларды әдістемелік құралдармен бірлестіре отырып
қолдану ол педагогтың шеберлігі.
Достарыңызбен бөлісу: