А. Д. Бугубаева (жауапты редактор)



Pdf көрінісі
бет95/220
Дата24.11.2023
өлшемі7,01 Mb.
#125722
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   220
Пайдаланған әдебиеттер: 
1. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319  
2. Очирова, О.Д. Формирование ИКТ-компетентности у педагогов ДОУ [Текст] / О.Д. 
Очирова, Л.А. Шаманова // Педагогика: традиции и инновации : материалы III междунар. 
науч. конф. (г. Челябинск, апрель 2013 г.). – Челябинск : Два комсомольца, 2013. – С. 60-62. 
3. Калинина Т. В. Управление ДОУ. «Новые информационные технологии в дошкольном 
детстве». М, Сфера, 2008. 
Исатаева С.Ж. 
Бұқар жырау ауданы, «Балдәурен» КМҚК б/б
«МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕ 
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ» 
 
Бүгінгі күні мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде маңызды міндетіміздің бірі 
олардың денсаулығын сақтау және нығайту. Осы орайда денсаулық сақтау технологиялары 
балабақшадағы педагогикалық үдеріс субъектілерінің, яғни балалардың, педагогтардың және 
ата-аналардың денсаулығын сақтау және нығайту міндетін шешуге бағытталған. Ал біздің 
алдында тұрған басты міндеттердің бірі – салауатты жас ұрпақ тәрбиелеу. [1] 
«Балабақшадағы денсаулық сақтау технологиялары» тақырыбындағы өзін-өзі жетілдіру 
жұмыстарын жүргізу барысында: денсаулық сақтау технологияларының жаңа түрлерін 
қолдану, пайдалану арқылы балалардың денсаулығын шынықтыру және нығайту мақсаты 
қойылды. Осы мақсатқа жету үшін жаңа технологияларды тек сабақта ғана емес, сонымен 
қатар күн тәртібі бойынша да қолданылды. Мысалы, «Степ-аэробика» – аэробиканың бір 
түрі. Оның басты айырмашылығы - барлық жаттығулар (би, ырғақ) арнайы платформаларда 
түрлі қадамдар жасау арқылы музыкамен орындалады. «Степ – аэробика» музыка үшін 
орындалатын қозғалыстар жиынтығы болып келеді. «Степ – аэробика» ерекше, өйткені ол 
дененің барлық функциялары мен жүйелерін дамытып, нығайтады. Мектеп жасына дейінгі 
балалар үшін сауықтыру аэробикасы қолданылады. Оның мақсаттары: денені жалпы 
сауықтыру, бұзылулардың алдын алу және түзету, дене жүйелерін нығайту, физикалық 
қасиеттерді дамыту. Аэробиканың бұл түрі балаларды тәрбиелеуде сауықтыру 
функцияларын тиімді орындай отырып, экспрессивті қимылдарды дәл жасауға үйретеді. [4]
Біздің балабақшада бұл технология түрін көбіне таңғы жаттығу барысында қолданады. 
Сонымен қатар, технологияның бір түрі «Стопотерапия», бұл денсаулықты сақтау мен 
нығайтудың, шынығудың, жалпақтабандылықты алдын алу мен түзетудің дәстүрлі емес 
әдістерінің бірі. «Стопотерапия» денсаулық сақтаудың мынадай түрлерін қамтиды: 
табандарды уқалау және өзін-өзі уқалау; табандарға арналған ойындар, жаттығулар және 
гимнастика; вибрациялық массаж; суда орындалатын жаттығулар; жалаң аяқ жүру. 
«Стопотерапияны» біз көбіне түскі ұйқыдан кейін қолданамыз. Күнделікті күн тәртібіне 
сәйкес сабақ барысында көзге арналған гимнастиканы әрдайым қолданамыз. Себебі ол 
шиеленісті жеңілдету, шаршаудың алдын алу, көз бұлшықеттерін жаттықтыру және көз 
аппаратын нығайту үшін қажет. Көзге арналған гимнастика көру қабілетінің бұзылуын 
түзетуге және алдын алуға бағытталған жаттығулар жүйесін жүргізуді қамтиды. [4] 
Технологиялардың тағы бір түрі, ол «Ертегі терапиясы» -бұл ертегі желісі арқылы тәрбиелеу.
Терапияның бұл түрін күн тәртібінің қай кезіңінде болсын қолдануға өте ыңғайлы әрі 
тиімді. Себебі, ертегі балаларды алаңдауға, қуануға, жанашырлыққа үйретіп қана қоймай, 
ертегі арқылы балалардың тілін дамытуға, байланыстырып сөйлеу дағдыларын 


170 
қалыптастыруға, өмірлік оң көзқарастарын қалыптастыруға әсер етеді. Ертегі арқылы 
балалардың көңіл күйі көтеріліп, денсаулығының шынығуына әсер етеді. Қазігі кезде 
балаларға ең қызықты әрі пайдалы технологияның түрі «Су-Джок терапиясы». Бұл танымал 
инновациялық денсаулық сақтау технологиясы болып келеді. «Су-Джок» терапиясының 
ерекшелігі, әртүрлі іс-шараларда арнайы массаж шарлары мен сақиналары арқылы бала 
денсаулығын нығайту болып табылады. Бұл терапияны әртүрлі ашық сабақтарға ғана емес, 
сонымен қатар түстен кейінгі ойын барысында да қолдануға болады.
Балалардың ақыл-ойның дұрыс қалыптасуы да денінің саулығына байланысты, 
сондықтан біз әр сабақта дидиатикалық ойндар немесе түрлі тапсылмалар беру арқылы 
«Кинезиологиялық 
жаттығулар» 
жасаймыз. 
Кинезиологиялық 
жаттығулар 
("ми 
гимнастикасы") назар мен есте сақтауды жақсартады, кеңістіктік көріністерді 
қалыптастырады. Кинезиологиялық жаттығулар ақыл-ой қабілеттерін дамытуға ғана емес, 
сонымен бірге баланың жасырын қабілеттерін анықтауға және оның миының мүмкіндіктерін 
кеңейтуге мүмкіндік береді. [3] 
Мектепке дейінгі тәрбиешілерге арналған денсаулық сақтау және денсаулықты байыту 
технологиялары – балабақша тәрбиешілерінің денсаулық мәдениетін, оның ішінде кәсіби 
денсаулық мәдениетін дамытуға, салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігін дамытуға 
бағытталған технологиялар.
Балабақшамыздағы денсаулықты сақтайтын педагогикалық 
процесс – бұл мектеп жасына дейінгі балаларды денсаулықты сақтау және денсаулықты 
байыту режимінде оқыту және тәрбиелеу процесі; балалардың физикалық, психикалық және 
әлеуметтік салауаттылығын қамтамасыз етуге бағытталған процесс.
Денсаулықты сақтау 
және денсаулықты байыту педагогикалық процесті ұйымдастырудың ең маңызды шарттары 
болып табылады. Осылайша, мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес 
заманауи білім беру бағдарламаларын дұрыс таңдау, денсаулықты үнемдейтін білім беру 
әдістері мен технологияларын таңдаудың басымдығы және барлық балабақша педагогтары 
мен мамандарының қызметін үйлестіру біз үшін өзекті болып табылады. [2] 
Денсаулық жеке тұлғаның кез келген әрі қарай дамуының негізгі элементі және кілті 
болып табылады. Сондықтан тұлғаның интеллектуалдық және шығармашылық 
фундаментінің негізі ретінде қызмет ететін физикалық, психикалық және әлеуметтік 
денсаулыққа назар аудару басты міндет болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет