188
Өкінішке орай, бүгінгі таңда тіл тазалығы бұзылып, өз тілінде сөйлей алмайтын
бүлдіршіндер қатары көп. Бұл әрине, ең алдымен отбасылық қарым – қатынасқа тікелей
байланысты екенін жақсы білеміз. Дегенмен, мектепке дейінгі білім беру барысы бұл
олқылықтың орынын толтырып, ана тілінде сөйлеу қабілетін арттыруды алға мақсат етіп
қояды. Мен қазақ тілі мұғалімі ретінде кішкентай бүлдіршіндер тіл үйренуге тез бейімделіп,
кез – келген ақпаратты дереу игеріп әкететіндігін алға тартқым келеді. Әсіресе,
инновациялық технологияларды ұтымды пайдалану қашан да өзінің жемісін байқатады.
Оқудың, жазудың алғашқы дағдыларын қалыптастыру – күрделі психофизиологиялық
әрекет. Ол жалпы сөйлеу тілінің дамуымен қатар психофизиологиялық әрекеттердің, яғни,
фонематикалық есту қабілетінің, дыбысты дұрыс айтуының, көру, кеңістікті бағдарлау,
қолдың ұсақ бұлшық етінің дамуына, зейіннің керекті деңгейде дамуына әсер етеді. Олай
болса, оқу мен жазу тілдік әрекеттің бірлігі ретінде мынадай құрылымнан тұрады: есту,
артикуляциялық, көру және қимылдық қабілеттерін дамыту. Есту қабілетін дамытуға
қоршаған ортадағы әр түрлі дыбыстарды, мәселен, жапырақтың сыбдыры, қоңыраудың
шылдыры, т.б. ажырату, не болмаса сиыр, мысық, т.б. қалай дыбыстайды, әр түрлі дыбыс
шығаратын заттарға, мысалы, ұшақ, машина секілді еліктеп дыбыс шығару, т.б.
жаттығуларды пайдалануға болады. Артикуляция мүшелерінің қимыл – қозғалысын
дамытуға арналған жаттығулар: ерінмен түтікше жасау, жымию, тілді жапырақ, жіңішке етіп
ұстау, жоғары – төмен көтеру, оңға, солға қимылдату, таңдайға соғып тақылдату, т.б.
Дыбыстарды дұрыс айтқызу үшін артикуляциялық аппаратты дайындап, дыбыстың дұрыс
айтылуын анықтап, оны сөзде сөйлемде айтуға машықтандыру үшін сол дыбыс кездесетін
жаңылтпаш, тақпақтарды пайдаланудың рөлі зор. Көріп қабылдау және кеңістікті
бағдарлауын дамытуға арналған жұмыс барысында затты толық мөлшерде көріп есте
сақтауын қалыптастыру, заттың бөлшегін бөліп қарау, екі затты салыстыруға, заттарды
ретімен орналастыруға үйрету жаттығулары негізінде жүзеге асырылады. Мұндай
жаттығуларды орындатуда заттармен қатар, геометриялық фигураларды, таяқшаларды, қағаз
жолақшаларды, табиғи заттарды қолдануға болады. [3, 12 б.].
Жалпы сауат ашудың нәтижелі болуы дайындық кезеңде жүргізілетін жұмыстардың
мейлінше сапалы болуына байланысты. Демек, сауат ашуға дайындық жұмыстары, дұрыс
ұйымдастырып, ұқыпты жүргізуге басты назар аударылады. Бұл кезеңдегі жазудың мақсаты
– оқушылардың қолының икемділігі мен көз мөлшерлеу қабілетін жетілдіру, графикалық
дағдылар қалыптастыру болса, оқу – ақыл – ой қабілетін дамыту, логикалық ойлауды
жетілдіру, таным – түйсіктерін арттыру болып табылады.
Баланың әлемі – бұл нақты заттың әлемі. Егер баламен жақын боламын десеңіз, оның
жасы мен психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет.
Біз бүлдіршіндердің бойына қандай қасиеттерді дарытатын болсақ, болашақта ол айна
қатерсіз көрініс табады. Сол себепті өскелең ұрпақ бойына бар игі қасиеттерді сіңіруіміз
қажет. Әсіресе, қазақ тілін қастерлеуге, оның қадір – қасиетіне терең үңіліп, еркін сөйлеуге,
өз ойын еркін жеткізуге баулуымыз қажет. Ел ертеңі – балабақшадан бастау алады. Саналы
ұрпағымыз көп болсын!
Достарыңызбен бөлісу: