266
қорларын кеңейтуге ықпал жасайды. «Сыңарын тап», ойыны арқылы балалардың
іздемпаздыққа, құштарлыққа жігер алады.
«Киімдер» тақырыбында балалар киім атауларымен танысып оларды қыстық, жаздық
киімдер екенін ажыратып қоймай, сөз тіркестерін айтып үйренеді (көртке киеміз, шалбар
киеміз) іс-қимыл білдіретін сөзбен толықтырады. «Бұл не?»ойынын ойнап балалардың ой-
өрісі дами түседі.
«Азық-түлік» тақырыбында, балалар интерактивті тақтадағы суреттерді қайталап
олардың (жейміз, ішеміз) деген етістіктермен ажыратады. Мысалы: (су ішеміз, сүт ішеміз,
нан жейміз, ірімшік жейміз) деген етістіктер арқылы сөз тіркестерін құрайды.«Дүкен»-
ойнында балалар тақтада бейнеленген сурет бойынша, балалар дүкенге келіп өздері азық -
түлікті тандап, сатушыдан алатын азық –түліктерді қазақ тілінде нақты жеткізу керек, сондай
-ақ тіл байлықтары дамиды, шапшандыққа тәрбиелейді.
«Дене мүшелері» тақырыбында балалар тақтадағы сөздерді қайталап, «Кім тапқыр?»
ойынында адамның дене мүшелердің дұрыс жинап оны нақты айпып тілдерін
жаттықтырады. (Дем аламыз, көреміз, жейміз, жүреміз, естиміз) атты етістіктерді қосып сөз
тіркесерін пайдаланып сөйлем құрып үйренеді.
«Менің отбасым» тақырыбында өз отбасыларын атап тақтадағы презентацияға қарап,
өзінің отбасындағы адамдарды қазақ тілінде атап, Мынау кім? деген сұрақтарға толық жауап
беру жұмыстары жүргізіледі.
Сонымен қатар сергіту сәтері кезінде интерактивті тақта таптырмас құрал, балалар
әр-түрлі сергіту сәттері арқылы есте сақтау, қимыл-қозғалыс шапшандықтары,
жылдамдықтары арта түседі.
Балабақша баласына мультимедиялық оқулықтар балабақшада балаларға арналған өте
тиімді құрал. Өйткені балалардың зейіні әр түрлі әдемі түстерге, ойыншықтарға, әдемі
суреттерге, әсемдікке әуес болады. Интерактивті тақтаны қолдану әдістерінде көп нәрселерді
шешуге болады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды компьютерлік сауаттылыққа үйрете отырып
логикалық интелектуаалдық және танымдық қабілеттерін дамытады. Мысалы: «Мөлшеріне
орындауы»,
«Геометриалық
пішіндер»,
«Түстерді
ажырату»,
«Не
артық?»,
«Айырмашылығын тап?», «Спорттық ойындар», «Мен не жасырдым?», «Көп-аз», «Сандарды
ретімен әне кері санау», шығармашылық қабілеттерін дамытып ойындар мен тапсырмалар
қолданылады. Оқытушы интерактивті тақтаны сабақта бірнеше рет пайдалана алады.
Интерактивті тақтаны пайдалануға ыңғайлы әрі уақыт үнемдейді, оқытудын басқа
тәсілдеріне қарағанда көпдеген жетістіктері бар.
Балалар көбіне ойын түріндегі суреттер арқылы берілген мәліметтерді тез
қабылдайды, бұл жерде бір айта кететіні, экраннан көріп қабылдаған мәліметтерді жас
бүлдіршіндер қабылдауға жалықпайды, қайта оларды талпыныс, білуге деген қызығушылық
пайда болады.
Қорыта келгенде түрлі ойындар арқылы көзбен көріп, есте сақтап қазақ тілінде тән
дыбыстарды дұрыс айра білуге үйретеді, түр-түсін ажыратып сөздік қорларын, ой-өрістерін
дамытады. Осылайша интерактивті ойындар арқылы бүлдіршіндер қазақ тілін жетік білуге
қол жеткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: