268
Электронды ресурстарды тәрбиешілер күнделікті іс-әрекеттерді ұйымдастыруға дайындық
барысында, жаңа әдістемені үйретуде, көрнекі құралдарды іріктеуде, яғни ақпараттық-
әдістемелік қолдау қызметінде қолдануына болады.
Тәрбиешілер компьютерді құжаттар толтыруға тиімді қолдана алады, бұл құжаттарды
қолмен жазу мүмкіндігін алмастырады және уақытты үнемдейді, тәрбиешіде
мультимедиялық проектор көмегімен түрлі ақпараттарды аудио-, видео- және анимациялық
әсермен бөлісу, оларды бір презентацияға біріктіру мүмкіндігі пайда болады. Бұл мектеп
жасына дейінгі балаларға бағдарлама мазмұнын меңгертуде ақпарат көлемін іріктеуге,
жинақтауға, өзгертуге және оны үлестірмелі материал ретінде басып шығаруға да оңтайлы
болып табылады. Осының барлығы педагог-тәрбиешілердің креативті сапаларын дамытуға,
кәсіби және тұлғалық құзыреттіліктерінің деңгейін арттыруға ықпал етеді.
Компьютерді ойын үшін қолдануға болады, бірақ ол кең таралған жай ойындар емес,
баланың өз білім, білік, дағдыларын, тәжірибесі мен әсерін бөлісе алатындай дамытушы
ойындар болуы тиіс. Компьютерлік дамытушы ойындар ақпараттарды қанық, әрі әдемі
жеткізе алады, ондағы дыбыс, қимыл және мультипликация, осының барлығы баланың
көңілін өзіне аударады. Ойындар мектеп жасына дейінгі балаларға түсінікті, қолжетімді
ақпараттарды ұсынады, жеке оқыту мүмкіндігін ашады, өйткені бала жұмыс қарқынын өзі
реттейді, күнделікті өмірде көру не байқау мүмкін болмаған өмірлік жағдаяттарды
моделдейді, ол жерде оған ешкім ұрыспайды, асықтырмайды, балалар қателіктерін өздері
тапқанға дейін ақырын күтеді. Тәрбиешілер мен ата-аналар ойындарды іріктеуде аса мұқият
болуы тиіс, баланың жас ерекшелігі және жас ерекшелік топтарына сәйкес бағдарламаның
мазмұнын ескеру қажет.
Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дайындау барысындағы маңызды сәт іс-
әрекет нәтижесін болжау, ең алдымен нені қалай жасайтынын ойлай білу қабілетін дамыту,
мәселен, бала компьютерлік ойындарды ойнай отырып, іс-әрекетін жоспарлауға, нақты
оқиғаның, түсініктердің логикасын құруға үйренеді, осының барлығы теориялық ойлаудың
негізін меңгерудің бастамасы екендігін білдіреді.
Компьютерлік ойындардың маңызды сипаттамаларының бірі білім беру функциясы
болып табылады, сондықтан олар баланың барлық заттар мен құбылыстар туралы
жалпылама түсінік алуы үшін құрылған, осылайша балада заттарды жалпылау және
қасиетіне қарай жіктеу секілді маңызды ойлау операциялары қалыптасады.
ІТ не ақпараттық технологиялар білім беру үрдісінің маңызды компоненті екенін
мойындасақ та, мектеп жасына дейінгі балаларға жас және даралық ерекшеліктеріне қарай
ақпараттық технологияларды қолдану нақты талаптарға сәйкес шектеулі уақытпен
ұсынылатынын ұмытпаған жөн. 5-6 жастағы балалар үшін ақпараттық технология көзін
қолдану 10 минуттан аспауы тиіс, ал ІТ қолдану арқылы ұйымдастырылған іс-әрекет
аптасына 2 рет қойылса болады.
Қорыта келе, маңызды тұжырымға назар аударайық, ІТ не ақпараттық технологиялар
біздің өмірімізге нықтап енді және білім беру үрдісінің ажырамас бөлігі болып табылады,
бірақ мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшелігін ескере отырып, олардың
денсаулығына зиян келтірмей және дәстүрлі оқыту әдістерін де ұмытпай, бағдарлама
мазмұнына сәйкес материалдарды дұрыс іріктеп, құра білу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: