«А Ә б в» Сыныптағы оқушының әрқайсысына А, Ә, б және в әріптерімен қоса төрт-төрттен үлдірленген карточкалардың жинағын дайындаңыз. Жауаптың төрт нұсқасы бар сұрақтар қойыңыз


Мақсатын анықтауға арналған оқылым



бет53/85
Дата04.05.2023
өлшемі492,38 Kb.
#89824
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   85
Байланысты:
Педагогика әдіс тәсіл

Мақсатын анықтауға арналған оқылым
 Оқушыларға шағын топта әрбір мәтіннің мақсатын және мақсатты
аудиториясын талқылау үшін үш мәтін беріледі: проспект (анықтамалық), саяси баяндама (біреудің көзін жеткізу) және қайырымдылық хат (үндеу).
 Оқушылар сынып/топ ресурсын жасау үшін «Қармақ тілін» пайдаланады.
Мысалы, оқушылардан, олардың ойынша, әртүрлі мақсатта/әртүрлі аудиторияға арнап жазылған кем дегенде үш мәтін табуды сұрайды. Кейін мәтіндерді ұқсастықтары мен айырмашылықтары бойынша топтастырады,
айырмашылықтарын, мысалы, Венн диаграммасының көмегімен жазып алады.
Бұл мәтіндерді курс барысында басқа жаттығу аясында ақпарат көзі ретінде
пайдалану үшін сақтап қоюға болады.
 Оқушылар жұптасып оқырман мәтіннің қалай қатыстырылатынын, тілдік
қолданыстардың қандай эмоция тудыратынын анықтайды.
Стильді анықтауға арналған оқылым
 Оқушылар жұптасып екі мәтінді зерделейді, олардың жанры мен мазмұны
ұқсайды, бірақ стилистикалық деңгейлері әртүрлі, мысалы, жасөспірім достар арасындағы диалог және жасөспірім бала мен мұғалім/ата-ана арасындағы диалог. Оқушылар жазба жазып, сөйлемдердің лексикасы, грамматикасы және құрылымдарындағы айырмашылықтарға қатысты кері байланыс ұсынады.
 Оқушыларға ұқсас ақпарат ұсынылады - мысалы, көркем әдебиет, нұсқаулықтан үзінді, мерекелік брошюра және туысқанға жазылған хат сияқты әртүрлі жанрда жазылған (әйгілі) жердің сипаттамасы. Оқушылар мұғалім атаған мәнмәтіндердің біріне әрбір жазбаның сәйкестігін анықтап, нәтижелерін жазады («Қай мәтін нұсқаулықтан алынған? Оны қалай дәлелдей аласыз?»)
 Оқушылар стильдердің бірін талдау үшін топтасып жұмыс істейді, сосын
мәтіндердің бірі туралы өз пікірлерін мысал келтіре отырып, сыныптағы қалған оқушыларға таныстырады.
 Оқушылар белгілі бір мәтінді дауыстап оқиды және сынып болып оның сарыны стильмен қалай байланысатынын, яғни тілдік қолданыс пен сөйлемдердің құрылымы арқылы эмоция қалай берілгенін талқылайды.
 Оқушылар әдетте қандай жанрларда образдардың қолданылатынын, ал
қайсыларында қолданылмайтынын және бұның себептерін талқылай алады.
«Он сұрақ»
«Он сұрақ» әдісі арқылы алған біліміне сүйене отырып, ойды жинақтап, түйін түю: Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады. Қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не «ИӘ» не «ЖОҚ» деп беріледі. Оқушы сол арқылы бүгінгі сабаққа қатысты ұғымды табады.
«Ортақ әңгіме»
Мақсаты:Топ мүшелерінің логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Бәрі шеңбер бойымен отырады. Біреуі қандай да бір тақырыпта әңгіме бастайды (мысалы, детектив), бірақ тек бірінші сөйлем ғана айтады. Жанында отырған қатысушы екінші сөйлемін, оның жанында отырған үшінші сөйлемін және т.с. шеңбер бойымен орындалады.
Талдау: Жаттығу ұнады ма? Не ұнамады? Не қиындық келтірді? Қандай әсер алдыңыздар?
«Ортақ портрет»
Оқушылар өз тобының ортақ портретін құрастырады. Бұл үшін олар топ құрамындағы оқушылардың арасында дене мүшелерін бөліп (мәселен, біреудің көздері мен қолдары, екіншісінің құлақтары мен иықтары, үшіншісінің шашы мен аузы, төртіншісінің мойыны мен мұрыны т.с.с), оларды біріктіріп, ауызша сипаттайды.
Әрине, әдеттегідей сипаттардың барлығы да жағымды тұрғыдан болуы керек, мұнда оқушылардың бірін-бірі мақтағаны дұрыс.
Топтар өз портреттерін сыныпқа оқып береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет