2.1. Қазак қоғамының саяси жэне әлеуметтік жүйесіндегі батыршылық ...
1 0 5
ніспеушілікте екі жақты саясат ұстанды. Оның бір айқын дәлелі
жоғарыда өзіміз тоқталып кеткен Жанқожа батыр мен сұлтандар
арасындағы кикілжіңде орыс экімшілігінің батыр тілектерін қа-
был етуі. Бұған қоса аталған батырға қатысты губернатор Перо-
вскийдің қызметкерлеріне берген төмендегідей тапсырмасы көп
жайттарды аңғартса керек: «... эзірше батырды сылап-сипап оның
ашуын келтірмеңдер, ол элі бізге қажет307 Мұндай саясат жалғыз
Жанқожа батырға ғана емес, жалпы қарастырылып отырған ке-
зеңдегі ішкі жэне сыртқы саяси қарым-қатынастарда ықпалы бар
тұлғалардың барлығына қатысты қолданған деп түсіну керек.
Ресей экімшілігінің батырлар институтын өздерінің саясатына
пайдалануының тағы бір көрінісі «тархандық» лауазымын енгі-
зуден байқалды. Тархан атагын иеленгендердің қатарында шақ-
шақ Жәнібек Қошқарұлының, Есет Көкіұлының, Жоламан Тілен-
шіұлының, Сырым Датұлының болғандығына қарап, бұл лауазым
көп жағдайда беделді батырларға ғана берілген деп қорытынды
жасай аламыз. Шындығына келгенде тархандық элеуметтік инс
титут ретінде түркі дәуірінен бастау алып, түркі-моңғол тұтасты-
гы ыдырай бастаған XV гасырға дейін түрлі даму кезеңінен өтті.
Ал Ресей экімшілігі болса, бұл институтты дэстүрлі билікке қа-
рама-қайшы қоятын күш ретінде пайдалануға ұмтылды. Танымал
тарихшы М. Қозыбаев осыған қатысты былай деп жазды: «Патша
Жәнібекке тархандықтың бірінші дәрежесін, Тама Есетке екінші
дәрежесін берді. Беріп қоймады, Есеттің іші күйсін, екі батыр-
дың арақатынасы шиеленісіп, қазақ тайпаларының, жүздерінің
арасындағы қарым-қатынас бұзылсын деп есептеді»308 Бір жа-
ғынан зерттеушінің тұжырымында шындық болғанымен, екінші
жағынан алып қарайтын болсақ, ең маңыздысы - бұл кұбылыс-
та да зертттеу нысанымыз батырлардың алдыңғы орында жүруі.
Бір байқайтынымыз тархандық атақты XVIII ғасырдың соңы мен
XIX ғасырдың алғашқы ширегінде иеленген батырлар осы лауа-
зымды бекіткен Ресейге қарсы азаттық көтерілістерді ұйымдас-
Достарыңызбен бөлісу: