А. И. Исаева Қазақ халқындағЫ


Казахско-русские отношения в XVI-XVIII веках (Сборник документов и материалов)



Pdf көрінісі
бет103/219
Дата18.11.2023
өлшемі7,97 Mb.
#124470
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   219
310
Казахско-русские отношения в XVI-XVIII веках (Сборник документов и материалов).
- С . 498.
311
Гродеков Н.И. Киргизы и каракиргизы Сыр-Дарьинской области. Юридический быть.
- Ташкент: Типо-литография С.И. Лахтина, 1889. — T. 1. — С. 25.


1 0 8
2-ТАРАУ. XVIII - XIX ғасырдың алғашкы жартысындагы казак қогамында ...
ларда болғандығы анық. Олай деп тұжырым жасау себебіміз ка­
зак қоғамының ерекшелігіне сэйкес эрбір рудың арнайы баған- 
дармен бөлінбесе де, шартты түрде белгіленген көшіп-қонатын 
аумағы болатын. Сол заңдылықтарды сақтау, ру аралық келеңсіз 
оқиғалардың орын алмауын қадағалау ру басшысы және сол ке- 
зеңдегі мемлекеттің тұтқасын ұстаушы ретіндегі батырлардың 
басты ішкі саяси қызметтері болатын. Қарастырылып отырған 
уақытта орын алған жаугершілік қазақ ру-тайпаларының көп- 
шілігін орныққан көші-қон үрдістерінен тартынуға мәжбүрледі. 
Соған байланысты өрісі тарылған ру көршілес орналасқан ру- 
дың жерінен уақытша енші алатын. Бұл, әрине, кеңесте талқы- 
ланып, екі жақты келісім арқылы шешімін табатын. Кей уақыт- 
тарда күшті рулардың өздерінен элсіздеу руларды қоныстары- 
нан ығыстырып жіберіп отырғандықтарын да жоққа шығаруға 
болмайды. Мүндай жағдайларда да алдыңғы қатарда батырлар 
қаумының өкілдері жүргендігі айдай анық. Ал соғыс пен бітім 
туралы айтатын болсақ, мемлекеттің басты ұстанымдарын бел- 
гілеп, анықтайтын, бұл екі үдерісте батырлар институтының қа- 
тысуынсыз шешілмегендігі даусыз. Оның да себептері жоқ емес. 
Аталған екі мәселенің алғашқысы толығымен қазақ қоғамындағы 
батырлардың өмірлік қағидаларымен үштасып, олардың мойын- 
дарына ілінген Отан алдындағы борыш қамыты ретінде сипат- 
талады. Соған байланысты, бұл мәселедегі соңғы эрі түйінді сөз 
батырлар тарапынан жасалатын. Бітімгерлік ханның шешімімен
билердің араласуы арқылы орындалатын мәселе деп айтқанмен 
де, бұл тағы да батырлардың келісімінсіз өтпеген деп тұжырым 
жасай аламыз. Өйткені соғыс кезінде батырдың жауына есесі кет- 
кен шақтары болады. Ал оны қайтару немесе құнын даулау, яғни, 
кегін алу батыр атағын иемденген кез-келген азаматтың алдыға 
қойған принципі болатын. Оның орындалмауы нағыз батыр үшін 
өлгенмен бірдей болатын. Осыдан келіп бұл мәселе де батырдың 
араласуынсыз өтпегендігіне көз жеткіземіз. Құрылтайда қарас- 
тырылатын тағы бір маңызды мәселе, хан сайлау тәрізді рәсім, 
батырлар қауымының тікелей назарында болған. М ысалға, Әбіл- 
қайыр хан қайтыс болған тұста Ресейге қарсы батырлар тобы Ба-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет