104
2-ТАРАУ. XVIII - XIX ғасырдын алғашкы жартысындагы казак қогамында ...
емес, жанынан табылған батырлардың санына карай артатынын
сұлтандар түсінетін. Сондықтан да олар айтулы батырлармен дос-
тық, туысқандық т.б. қарым-қатынастар орнатуға тырысатын не-
месе ерекше сый-сияпат беретін. Султан Баймұхамед Айшуақұлы
Ордада тыныштық орнатуда Сүйінқара батырға сүйену үшін оған
бір үйір жылқы береді305 Орыс әкімшілігінің қызметіндегі сұл-
тандар өздеріне берілген тапсырманы орындауда батырлар инсти-
тутының өкілдерін іске қосуға күш салған. Ал егерде қазақ елінің
ішкі жүйесінде Ресей белгілеген қызметтерден сұлтандар тыс қа-
лып жатса, олар өздерінің қарсылықтарын білдіруге тырысатын.
М ұнда да олар батырлардың қолдауынсыз ештеңе істей алмай-
тындарын түсініп, зерттеу нысанымыздың қызметтеріне жүгі-
нуге мэжбүр болған. Сөзіміз дэлелді болуы үшін дереюсе кезек
берсек: «Біздің қүрметті ағамыз Сүйінқара батырға... сыйласты-
ғымызды білдіреміз.
Сен тау шыныңдағы арыстан ретінде, бүкіл халықтың ар-на-
мысы үшін ештеңеден аянбадың. Сенің тірі кезіңде-ақ біз орыс-
тардан қысымшылық көріп отырмыз. Егер сен бізді өзіңнің туы-
сың жэне бауырың ретінде санасаң, онда азаматтарыңмен бірге
бізді құтқар»306
Отарлау саясаты қарқынды жүруі үшін қазақ қоғамының ерек
ше лігін зерттеген орыс үкіметі, ру-тайпалық жүйеге негізделген
қазақтың қоғамдық формациясында батырлар институтының
өздері қолдау білдіріп отырған хан-сұлтандық институттан әл-
деқайда жоғары екендігін түсінді. Сондықтан олардың саясаты
дэстүрлі билік жүйесін сақтай отырып, батырлар қауымына өз-
дерінің тұрғысынан алып қарағанда белгілі бір артыкшылықтар
беруге негізделді. Бір сөзбен айтқанда қазақ қоғамында онсыз да
жетекші рөл атқарған батырлар тобына ерекше бір билік лауа-
зымдарын ұсынуға тырысты жэне эр түрлі сый-сияпаттар арқылы
олардың көңілін аулап, батырлар мен сұлтандар арасындағы түсі-
Достарыңызбен бөлісу: