А. И. Исаева Қазақ халқындағЫ


 Ерофеева И.В. Хан Абулхаир: полководец, правитель и политик. -



Pdf көрінісі
бет98/219
Дата18.11.2023
өлшемі7,97 Mb.
#124470
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   219
298
 Ерофеева И.В. Хан Абулхаир: полководец, правитель и политик. -
Алматы:
 Санат, 1999.
- С . 34.
299
Казахско-русские отношения в XVI-XVIII веках (Сборник документов и материалов).
- С . 156.


2.1. Қазақ коғамының саяси жэне әлеуметтік жүйесіндегі батыршылык
103
Осыған қатысты А.И. Левшин өзінің еңбегінде былай деп жаз- 
ды: «Сұлтандардың басым бөлігі өздерін эміршіміз деп атағаны- 
мен, шындығына келгенде олардың қолдарында ешқандай билік 
жоқ. Тек шаруашылық міндеттерін ғана атқаратын. Олардың қа- 
рапайым халыққа деген ықпалы тек күзде басталып, көктемде 
аяқталатын, яғни қазақ ауылдары біздің шекарамызға келгенде 
ғана»300. Ал Жанқожа батыр болса, орыс экімшілігіне жазған ха- 
тында сұлтандарды оның қарамағындағы халықтың ісіне аралас- 
тырмауын сұрайды301 Мәселен, батыр билеуші султан қызметін 
атқарған Алтынғазы Нұрымовты дэрежесін пайдаланып Құлба- 
рақ бидің аулынан жылқы тартып алғаны үшін орнынан алғыз- 
дырып тастайды302 Қарастырылып отырған мэселе төңірегінде 
А. Добросмылов өзінің еңбегінде губернатор Обручев Жанқожа 
батырды билеуші-сұлтандардың қарамағына беру арқылы қателік 
жасады, бірақ ол өз қателігін түсініп, билеуші сұлтандарға батыр- 
дың істеріне араласпауды тапсырды деп жазады303 Тарихи құжат- 
тар батырлардың билеуші султан биліктерімен мүлде санаспаған- 
дығын көрсетеді. Мәселен, Адайдың белгілі батыры Сүйінқара 
билеуші султандардың біріне төмендегідей хат жолдайды: «Мы- 
надай мақал бар, «отарда мың қой болса, оның ішінде бір ғана 
серке болады». Сол себепті мен келмеген жағдайда бүкіл адайлар 
да келмейді»304 Бұл келтірілген деректердің барлығы біздің жо- 
ғарыда түйіндеген ойларымызды бекітіп отыр. Тіпті сұлтандар- 
ға қолдау білдіріп, қызметке тағайындаған орыс экімшілігінің өзі 
батырлармен ымыраға келгендігін нақты мәліметтер арқылы дә- 
лелдедік.
Батырлардың қоғамдық қатынастардағы орныққан беделін 
ескерген сұлтандар жэне Ресей экімшілігі оларға қатысты ерек- 
ше саясат ұстанды. Беделдерінің Ресейдің қолдауы арқылы ғана


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет