116
2-ТАРАУ. XVIII - XIX ғасырдың алғашқы жартысындағы казак коғамында ...
киімін өзі жырта қылышын жоғары көтеріп, төмендегідей жа-
лынды сөздер айтады: «Таланған көштің, тұтқындалған бала-ша-
ғаның бейшара куәсі болмайық. Жаудан кек алып, өлсек, қару ұс-
тап өлеміз, қыпшақ даласының ерлері қашан қорқып еді? Қолым-
ды жау қанына малғанда, сақалым элі бурыл тартпаған болатын!
Жаудың зұлымдығына шыдап отыра алман! Жауға мінер тұлпар
аздық емес! Өткір жебеге тола қорамсақ элі босаған жоқ»323. Міне
бұл сөздер батырлардың ел қорғау қызметінің нақты дәлелі бо-
лып, олардың сыртқы саясаттағы негізгі іс-эрекеттерінің бары-
сын айқындайды. Біздің бұл тұжырымымызды Жэнібек батыр-
дың орыс елшісіне айтқан мына сөздері толықтыра түседі.: «...өз
туыстарымды және ар-намысымды қорғау үшін оларға (жоңғар-
ларға) қарсы соғысуға мэжбүр болдым...». Осындай тарихи де-
ректермен қатар қарастырылып отырған мәселе, яғни батырлар
институтының ел қорғауға негізделген сыртқы саяси кызметтері
сол кезеңдегі жыраулар поэзиясында жақсы көрініс берген. Мәсе-
лен, Ақтамберді жыраудың:
«Дұшпаннан көрген қорлықтан,
Жалынды жүрек, қан қайнап,
Ел-жұртты қорғайлап,
Өлімге жүрміз бас байлап»
немесе
«Жауға шаптым ту байлап,
Шепті бұздым айқайлап»324,
не болмаса басқа бір жыр жолдарында
«Жау екен деп именіп,
Аттың басын тартпаған,
Жауға кезек беруден,
Жаңылмапты қалқасын
Бермеймін деп еш жауға
Көкшетау мен Арқаны,
Жаудың алдын тіреген»325
Достарыңызбен бөлісу: