А. И. Исаева Қазақ халқындағЫ


2-ТАРАУ. XVIII - XIX ғасырдың алғашкы жартысындагы казак когамында



Pdf көрінісі
бет112/219
Дата18.11.2023
өлшемі7,97 Mb.
#124470
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   219
118
2-ТАРАУ. XVIII - XIX ғасырдың алғашкы жартысындагы казак когамында ...
Жырау бабаларымыздың бірі осылай толғаған тұста, келесі бір 
сол заман куәгері Үмбетей былайша жырлайды:
«Баянаула, Қызылтау,
Абыралы, Шыңғыстау,
Қозымаңырақ, Қоймаңырақ,
Арасы толған көп қалмақ,
Қалмақты қуып қашырдың,
Қара Ертістен өткізіп,
Алтай тауға асырдың!
Ақшэуліге қос тігіп,
Ауыр қол жинап алдырдың 
Қабанбай мен Бөгенбай 
Арғын менен найманға 
Қоныс қылып қалдырдың»327
М ұнда батырлардың сыртқы саяси бағыттағы екі қызметі 
сипатталады. А лғаш қысы батырлардың басқыншыларға қар- 
сы күресі болса, екінш ісі солардың негізінде азат етілген ата- 
ж ұртқа қарамағындағы халықты орналастыру. Бұл дегеніміз 
батырлар сословиесі тек қана сыртқы жауларды ел террито- 
риясы нан ш ығарып қана қоймай, елдің ата-қонысын, жайы- 
лы м ды қ ж ерлерін кеңейту мақсатында да тер төккен. Біздің 
бұл пікірімізді А дайдың Ш отан, Есболай, Атақозы тәрізді ба- 
ты рлары ны ң ерлік істеріне арналған келесідей жыр жолдары 
дәлелдей түседі:
«Ерлерім де бар екен,
Түлпар мініп ту алған,
Жауды көрсе қуанған,
Қылышын қанға суарған,
Сол ерлердің барында,
Тілегі қабыл шағында,
Маңқыстау түбек - мұны алған.
Аңдысып жүріп дұшпанын 
Түбектен айдап шығарған»328.
327 Қазак акындарының поэзиясы. - 107 б.
328
Қазженұлы Ү. Әнестен бергі тарих // Адай-ата. — Алматы, 2005. — 2-кітап. - 4 1 ^ 6


2.2. Батыршылық институтыньщ сыртқы саяси қарым-катынастағы орны мен ролі 
1 1 9
Батырлар жоғарыдағы тарихи-әдеби шығармалардың үзінді- 
лерінде келтіріліп кеткен іс-эрекеттерді орындаумен шектелмей
сол кезеңдегі халықаралық қатынастардағы саяси оқиғаларға да 
белсеніп кіріскен. Отан қорғау соғысындағы ерлік, соның нәти- 
жесінде келген танымалдық батырлардың көршілес елдермен қа- 
рым-қатынасқа түсуіне айрықша септігін тигізді. Нақтырақ айт- 
қанда қазақ батырлары көршілес елдердегі саяси оқиғаларды өз 
пайдаларына жаратуға тырысты. Оның алғашқы бір дәлелі қазақ- 
орыс жэне қазақ-жоңғар қатынастарында өзіндік орын қалдырған 
қарасақал Шона оқиғасы. 1735-1744 жылдары Ресейдің отарлау 
саясатына қарсы қарасақал (М. Юлаев) бүкіл башкүрт халқын 
көтереді. Алайда күштің тең болмауына орай көтеріліс жеңіліп
ұйымдастырушылар жазалау шараларына ілікпеу үшін бас сау- 
ғалап қашады. Көптеген тарихи деректерде көтеріліс жетекшісі 
Қарасақалдың қазақтар арасынан қолдау тапқаны айтылады329 
Тереңірек үңілсек оған Қабанбай батыр мен Қазыбек бидің сүйе- 
ніш білдіріп, пана бергендіктеріне де көз жеткіземіз. Қарасақал- 
ды қабылдаған қазақтың қос айтулы тұлғасы оны Шона батыр 
деп жалпақ жұртқа жариялап жібереді. Шындығында Ш она (Ш о­
на - Лаузан) Цеван Рабданның Еділ қалмақтарының ханы Аюке- 
нің қызымен некесінен туылған ұлы болатын. XVIII ғасырдың 
басында Галдан Цереннің өзін тақ мұрагерлігіне үміткер ретінде 
тірі қоймасына сенімді болған ол, нағашы жүрты Еділ қалмақта- 
рына қашып барып, сонда 1732 жылы өлген330. Ал оның тірі екен- 
дігі туралы жалған хабар бүкіл даланы дүр сілкіндіріп, жоңғар 
билеушісі Галдан Церенді ұйқыдан айырды. Осылайша Қараса- 
қал Ресей үшін қайтадан башқүрт көтерілісін бастау мүмкіндігі- 
мен, жоңғар хандығы үшін таққа үміткерлігімен қауіпті болды. 
Осыны жақсы түсінген Қабанбай батыр мен Қазыбек би қазақ 
билеушілерінің қарсылығына қарамастан оны барынша қорғап, 
қолдаған. Әрине, қазақ батыр-билері оның шынайы Ш она еместі-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет