340
Кузнецов В.С. Цинская империя и Казахские ханства. Вторая половина XVIII - первая
треть XIX в. - Новосибирск: Наука, 1 9 8 3 .- С . 141-142.
341
Бес ғасыр жырлайды XV ғасырдан XX ғасырдың бас кезіне дейінгі казак ақын-жы-
рауларының шығармалары. - T. 1. - 78-79 бб.
1 2 4
2-ТАРАУ. XVIII - XIX ғасырдың алғашкы жартысындагы казак қогамында ...
Оның себебі қазақ батырлары қырғыздарды жеңіп, елеулі қарсы-
лық көрсеткен Жайыл бастаған қырғыздың Садыр,Үсен, Теке,
Итеке тэрізді батырларын тұтқынға алады. Бұлардың Итекеден
басқасының барлығы дарға асылады. Аталған батырдың аман
қалуының себебі Жауғаш батыр, Жайыл батырдың өтініші бо-
йынша элі үйленбеген Итекені өлтіртпей босаттырады. Мұнда да
батырлардың аса көрегендік танытып, көшпелілердің дала заңы-
на сэйкес шешім қабылдағандықтарын аңғарамыз.
XVIII ғасырдың 60-70 жылдары патшалы Ресейдің қазақ дала-
сына күн санап ішкерлей енуі жэне сол арқылы түрлі экімшілік
реформалармен қазақтардың құқығын шектей бастауы батырлар
қауымының қайтадан атқа қонып, тәуелсіздік жолындағы қарулы
күреске шығуына себеп болды. Батырларымыздың Ресейдің отар-
лау саясатына қарсы күрес жүргізді дегенімізбен, көп жағдайда
шын мәніндегі күрес орыс үкіметіне сүйенген хан мен сұлтандар-
дың жэне оларды қоғамдық қатынастардағы негізгі орындарынан
ығыстырған батырлар институты өкілдері арасында жүрді. Отар-
лаушы елдің қолшоқпары болған алғашқы топ қамқоршысының
көмегі арқылы бұқара халық алдында жоғалтқан позицияларын
нығайтуды көздесе, зерттеу нысанымыздың өкілдері қалыптасқан
жағдайды тереңірек түсінді. Мұның ар жағында қазақ қоғамдық
жүйесінің ерекшелігі болып саналатын ру-тайпалық қүрылым
жатты. Құрылымды қүраған эрбір рудың ежелден қалыптасқан
көші-қон жол тораптары болғандығы белгілі. Ал Ресейдің отар-
лау саясаты шептер қүрып, бойларына бекіністер орнатуы ру-
тайпалардың жайылымдық жерлерін шектеді. Бүған наразылық
ретінде ру басшысы, яғни көп жағдайда батыр мәселені қарудың
көмегімен шешуге тырысқан. Қазақ тарихындағы кез келген азат-
тық көтерілістің барысы мен сипатына үңілетін болсақ мынадай
белгілерді анық байқаймыз.
Біріншіден, көтерілістің қай-қайсысын алсақта оны үйымдас-
тырушы жэне жүзеге асырушы қызметін батыр атқарған. Атап
айтар болсақ - Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы, Жоламан
Тіленшіұлы т.б. тұлғалар зерттеліп отырған тақырып өкілдері бо-
латын. Бұлардың қатарына ақсүйек түқымы болса да, Кенесары
|