1 2 2
2-ТАРАУ. XVIII - XIX ғасырдың алгашқы жартысындағы қазак қогамында ...
да қытаймен қарулы қақтығысқа дейін барады. М әселен, қытай
императоры қазақ билеушілеріне мынадай мазмұндағы хат жол-
дайды: «...қазақтың жері а с а кең, жүйеге жүгінер болсаңыздар сол
бұрынғы шекараларыңызды сақтаған жөн. Қоныс кеңейту ойын-
да болмаңыздыр. ... Егер де адамдарыңыздан сол жерге көшіп
қонғандар байқалса, не қудалайды, не тұтқындайды»335, Мұндай
ескертумен шектелмеген Қытай императоры 1762 жылы Жоңғар
хандығынан босатылған жерге қоныстанған эрбір қазақты тұт-
қындауға, малын тартып алуға рұқсат етеді336. Зерттеуші Б. Гу-
ревичтің пікірінше, бұл Циндік Қытайдың қазақтарға қарсы «жа-
рияламаған соғысы» болған337 Бірақ бұл қатаң талаптардың әсері
шамалы еді. Біріншіден, қытай әскерінің жақындағанын байқаған
қазақтар қоныстанған жерлерін тастап бүрынғы мекендеріне кө-
шіп кетіп отырған. Ал қытайлар кетісімен қайтадан жаңа жерле-
ріне оралған. Бүларды қайта-қайта бақылауға жэне ол жерлерде
тұрақты іскер ұстауға Қытайдың шамасы болмады. Екіншіден,
қытайлардың қазақтардан мал тартып алуы, қарымта іс-әрекет-
тер тудырған. Мәселен, қытайлар жаңа жерге қоныстанған Көк-
жарлы Барақ батырдың ауылынан бір мың жылқы айдап әкете-
ді. Бұған жауап ретінде Барақ батыр екі жүз адамдық жасақпен
қытай шекарасындағы төрт әскери бекіністі талқандап, малдарын
қуып алады338 3
3
9
Міне осындай батырлардың сыртқы саясаттағы
батыл әрекеттеріне қарай Қытай экімшілігі қазақтарға қатысты
кейбір саяси мәселелерде сэл шегініс жасауға мәжбүр болған. Со-
ған байланысты қазақтар мен қытайлар арасында жылымық қа-
тынастар орнаған. Мысалы, Қабанбай батыр Үрімжіге сауда жа-
сау үшін үш жүз жылқы аидап anapcaJ , қытаи императоры қазақ
басшыларын өзімен бірге аң аулауға шақырып, иықтарына шапан
Достарыңызбен бөлісу: