Евразии: историографический анализ» атты монографиясында
беріледі. Қазақ жауынгерлерінің қару-жарақ мәселесіне бір та-
рауы арналып, оның тарихи даму кезеңдеріне байланысты аса
•
*
*
*358
кұнды мэліметтер ғылыми аиналымға енгізіледі .
«Қару» - соғыста қолға үстап қолданылатын шабуыл құралы
болып табылады. «Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғым-
дар мен атауларының дәстүрлі жүйесі» атты энциклопедиялық
еңбектің III - томында «Қазақ халқында қарудың пайда болған
кезеңі тас дэуіріне жатқызылғанымен көшпелі халықтардың қар-
уының негізгі түрлері б.з.д. I - мыңжылдықта қалыптасқан»3
5
8
359 де
ген тұжырым жасай отырып, қару сөзінің негізгі төркіні адамның
қолға ұстап шабуылға шығатындығы жөнінде мэліметтер беріле-
ді. Бұдан шығатын қорытынды, адамзат баласының пайда болтан
күнінен бастап оған ең алдымен азық қажеттілігі туындайтыны
сөзсіз. Осыған орай алғашқы қауымдық құрылыста өмір сүрген
адамзат баласы өз азығын табу үшін аң аулауды қолға алғаны біз-
ге тарихи әдебиеттерден кеңінен таныс. Осы азықты табу жолын-
да ол қаруды игеріп, оны қоғам дамуына сай эволюцияға әкеліп
отырды. Дегенмен қандай тарихи кезеңде болмасын қару-жарақ
түрлері даму эволюциясына ұшырағанымен өзіне тэн, өзіндік
құрамдас бөліктерінің негізі мен дәстүрін жоғалтпағандығына
көз жеткізуге болады. Сондықтан да қазақ батыршылық инсти-
тутының ажырамас құрамдас бөлігі ретінде қарастырылып отыр-
ған қару-жарақ түрлерінің тарихын, дамуын жэне оның түрлерін
зерттеу көшпелі халықтың тарихымен бірге қарастырылатынды-
ғы даусыз.
Қазақ фольклортану ғылымы көне түсініктерге сүйене оты
рып, жауынгерлік қару аспаннан түскен киелі заттардың бірі деп
санайды.
Жалпы қару қазақ халқы үшін аса қасиетті саналған. Бүл ту-
ралы қазақ қаруы мәселесіне қалам тартқан кеңестік авторлар-
Достарыңызбен бөлісу: