1 3 0
2-ТАРАУ. XVIII - XIX ғасырдың алғашкы жартысындағы қазақ қогамында ...
«Табысуға келмесең,
Тұрысатын жеріңді айт»352,
- деп кесіп айтатын болған. Елшілер алдына қойылған мақсат-
тарды толық жүзеге асыруда түрлі әдістерге жүгінген. Бірде олар
қарсыласын жалған ақпарат беру арқылы қорқытса, енді бірін-
де айғайлап ашу шақыру арқылы өздерін айбатты етіп көрсетіп,
жауларынан үстем болуға тырысты353 Сондықтан да аса маңызды
мәселелер көтерілетін елшілікке көп жағдайда тэжірибесі мол, әк-
кі тұлғалар жіберілетін. Қазақ хандығының көрші елдермен елші-
лік қарым-қатынастарының шынайылығын бейнелі түрде айқын-
дайтын тарихи аңыздар шоғыры бар. Оларда қазақ елшілері бірде
қисынсыз талап қойған Ежен ханға барса, келесі бірінде жүртқа
ойран салған қалмақтарға қаймықпай барып, ел мерейі мен абы-
ройын асқақтатады. Тағы бірде байлығы мен сән-салтанатына
масаттанған Бүхара ханына барған қазақ елшілері өз халқының
тұрмыс-тіршілігінің артықшылығын, басшысының асыл тегін та-
нытып қайтады. М әселен, ел арасындағы аңыз бойынша Тоғаныс
батыр ел қамымен Қоқан еліне елші болып барады. Бек батырдың
дегендеріне ешбір дау айтпай мәселені шешіп береді. Бұған аң
таң болған бек нөкерлері: «Сізге не болды? Жалғыз қазақтың айт-
қандарына келісе бердіңіз ғой» - дейді. Сонда бек: «Мен келісе
берейін деп келісті ғой дейсіңдер ме? Сарайға батырдан бұрын
екі жолбарысы кіріп, екі иығыма аяқтарын салып тұрды ғой», -
деп жауап қайтарады354 Негізінен алғанда елшілік билердің бас-
ты қызметі болғанымен, батырлардың да өзіндік үлесі болғаны
белгілі. Оны тарихи құжаттардан деректер келтіре отырып ашып
көрсетсек. Бір мәліметтер бойынша Қайып хан Сібір губернато
ры М. Гагаринмен келіссөздер жүргізуде елші ретінде батырлар-
ды пайдаланған. Мәселен, Сапар жэне Итмәмет батырлар Қайып
ханның атынан губернаторларға екі ел арасындағы сауда-саттык-
қа байланысты елші болып барса, Байбек жэне Төлеубай батыр-
Достарыңызбен бөлісу: