3.1. Қару түрлері жэне олардың қолданыс ерекшеліктері
135
дың бірі В.П. Курылев: «садақ пен жебе түркі тайпалары үшін
әлеуметтік-қүқықтық қатынастардағы ерекше символ»
- деген
тұжырым жасайды360 Бізде осы пікірді толықтай қолдап, өз та-
рапымыздан қару - жарақ қайсарлық пен
батырлықтың символы
деген қорытындыға келеміз. Жалпы эр қазақтың санасында «қа-
руынан айырылу - намыстан айырылу» деген түсініктің бар екені
белгілі.
Халық аузында «Ер қаруы - бес қару» деген ұгым қалыптас-
қан, әдетте оларға садақты, қылышты, найзаны, айбалтаны, шок-
пар ды жатқызады. Алайда, халық ауыз
әдебиетінде жырланатын
батырдың қаруы бұдан элдеқайда көп: алтын балдақ, ақ семсер,
бадана
көз кіреуке, тоғыз қабат ақ сауыт, алтын сауыт кебе, қозы-
жауырын жебе, балдағы алтын ақ берен,
болаттан соққан айбал-
та, гүрзі, қанжар, мылтық жэне тағы басқа көптеген түрлерінің
аталатындығын айта кетуіміз керек. Қазақ халқының қару түрле-
рі тарихи даму кезеңдерінде өзіндік даму, жетілу үдерісін бастан
кешкен. Оған қазақ халқының іргелес жатқан көрші мемлекет-
термен байланыс жасағандығы да өзіндік ықпалын тигізгендігі,
соңғы жылдары жарық көрген энциклопедиялар
бетінде былай
сипатталады: «... Сонымен бірге қазақ қаруының кейбір форма-
ларында, кейбір үлгілерінің, типтерінің пайда болуында қазақ эт
носы ғасырлар бойы тарихи - мәдени байланыста болтан көрші
иран, моңғол, түрік, қытай, орыс халықтары қаруының ықпалын-
да көруге болады»361 Дәстүрлі қазақ
қоғамында қару батырмен
бірге жасасып, онымен бірге өледі деген сенім орын алды. Егер
батырдың артында ұрпағы қалса, эке жолын қуып батыр атанса
- мұндай үдеріс «шынжырлы тұқым»
деп аталған, ал батырдың
ісін жалғастырар ұрпақ болмаған жағдайда «найза сындыру» сал-
ты жасалған. Көшпелі қазақ қоғамында қолданылу түріне сәйкес
қарудың бірнеше түрі болтан. Атап айтар болсақ: кәсіби әскери-
лер согыста қолданатын қару түрі - жауынгерлік қару түріне жат-
қызылса, аң аулау қарулары мен
тұрмыстық қарулар кәсіби со-
Достарыңызбен бөлісу: