3.1. Қару түрлері жэне олардың қолданыс ерекшеліктері
1 3 7
найзалары саптаулы, сауыттары сақтаулы. Қозы жауырын көк
жендет, қорамсақпен қаптаулы, ерлердің сойы бар екен, бірінен
бірі мақтаулы»364 демекші, жаугершілік заманда бірінен бірі өткен
көптеген батырлар қазақтың сайын даласы мен елін қорғап қалды.
Қазақ сарбаздары да қалмақ, жоңғар, орыс-казак сынды, сыртқы
жауларына қарсы өздерінің қару-жарағын қабілетінше жұмсады.
Бес қаруын асынып жауға шапқан қазақ сарбазы үстіне Бадана
мен Зере сауыт немесе Көбе мен Кіреуке киді. Айбалтасын асы
нып, қылышын қыса ұстап, қорамсағы жебеге толы садағымен
жарақтанды, жалаулы найзасы басты тірегі болса, қалқанымен
өзін қалқалап, шоқпарымен жау әскерін күйрете соқты. Бұған ко
са, қазақ сарбазы алдаспан, қанжар, дойыр қамшы, сойыл, құрық
түріндегі қару түрлерін де қажетінше пайдалана білді.
Қару-жарақтың жасалу жолдары мен өңделу жолдары Қ. Ах-
метжановтың еңбегінде кеңінен берілген. Темірден жасалған
қаруларды ұсталар «соғу» не «құю» арқылы жасайды. Жақты,
оқтың ағаштары қырық күн кептіріледі, қырық малдың майына
суарылады. Осындай ырымдары болған. Найза мен оқ жебеле-
рінің ұштары, қырлары егеумен егеледі. Бұдан кейін «алтынмен
бұлау», «алтынға малдыру» т.б. әдістермен эшекейленеді. Соғыл-
ған, құйылған, өңделген қарулар ағашқа сапталып, темір, жез-
бен «қыналады», тарамыспен «буылады». Су өтпес үшін майға
суарылады. Оқтарды жонып жасайды. Темір қарулардың сапта-
ры, ағаштары түрлі бояумен сырланып, боялады. Ер қаруына кө-
бінесе әскери қоғамдық жіктің символдық түсі - қызыл түс қол-
данылады 365.
Ж. Түрлыбайүлы: «Қару» дегеніміз соғыс ұрыс құралы болса,
«жарақ» емдеу, жараны жазу қүралы болған» деген ойын айтып,
оған «Ер Тарғын» жырындағы мына жолдарды мысалға келтіреді:
«Жарақатты жан тэтті,
Жара аузына қан қатты.
Достарыңызбен бөлісу: