3.1. Қару түрлері және олардың қолданыс ерекшеліктері
1 3 9
А. Левшин өзінің «Описание киргиз-казачьих или киргиз-кай-
сацких орд и степей» еңбегінде қазақтардың қару-жарақтары ту-
ралы жаза отырып, 1771 жылы Еділ қалмақтарының атажұртына
үдере көшу кезінде оларды тоқтатуға қатысқан капитан Рычковқа
сілтеме жасайды. Онда ол қазақтардың қарапайым қара оқдәрі-
мен қоса, ақ түсті оқдэрі де жасай алатындықтарын жазып қал-
дырған. Бұған қоса, қазақтардың аспид немесе басқа металдан оқ
құятындығын да айтып кеткен370.
М. Тевкелев жазбаларында қазақтардың қарулары туралы де-
ректер келтіріледі. Елшінің қүжаттарында «Қазақтар зеңбірек
қаруын құймайды екен. Олар соғыста зеңбірек қолданбайды.
Сондай-ақ, мылтық та жасамайды. Олар мылтықты Хиуа мен Бұ-
харадан қойға, жылқыға айырбастап алады. Ал, селитра мен оқ-
дэріні эркім өзіне керегінше жасап алады. Басқадай зауыттары
жоқ. Соғыста садақты сирек қолданады, көбінесе пгүріппесі жоқ
білтелі мылтықтар қолданады. Ал, башқүрттар үрыс кезінде көбі-
несе садақпен қаруланады, керісінше отты қарулары жоқ371
Орынбор экспедициясының бастығы И. Кириловтың жазба-
сында қазақтардың оқ-дэрі жасау технологиясы турасында ай-
тылған. Құжатта Сырдария өзеніне жақын тау жоталары мен
Арал теңізіне жақын өлкелерде қорғасын, селитра, күкірт шикі-
затының көп екендігі, оларды қазақтар қажетіне жаратып оқ-дәрі
жасайтындығы, қорғасынды балқытып оқ қүятындығы баяндал-
ған372.
Қарастырылып отырған кезеңдегі қазақтардың қару-жарақта-
ры туралы П.И. Рычков: «Ружье имеютъ они огненное съ фити
лями, и порох почти каждой изъ них самъ про себя делаетъ»,373
- деп жазады.
Шоқан Уэлиханов та қазақ батырларының ерте кездегі қа-
ру-жарақтарына тоқталып өтеді. Ғалым садақ, жақ, сауытбұзар
/сауыт бұзуға арналған/, қозыжауырын /ертоқымнан аударып тү-
суге арналған/, жебе түрлеріне, найза, қылыш, наркескен сынды
Достарыңызбен бөлісу: